Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады.
Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан.


Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында киелі жерлердің Қазақстан халқы үшін маңыздылығын, онымен танысу өскелең ұрпақтың бабалар жүрген жолды білуіне мүмкіндік беретінін айтқаны белгілі. Қазіргі археологиялық қазба нәтижесінде ежелгі обалар орны анықталды. Демек, тарихи іздің анықталып, танылуы, жаңа құнды дүниенің сыры айқындалуы ұрпақ үшін де маңызды екендігі анық.
Осы орайда, археолог Талғат Өсеров аталған обалар ерте Темір және ерте Түрік дәуірлеріне қатысты деген болжам жасады. Обалардың диаметрі 23-26 м. биіктіктері жердің деңгейінен есептегенде 2 – 2,2 м. Қазіргі кезде обалардың сыртқы құрылыстары анықтала бастады.


Қазба жұмыстарын 15-тен аса мамандар жүргізуде, оның ішінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің археологы Бақытжан Нұрханов пен Нұржан Таджибаев та бар.
Археолог мамандардың айтуынша обалар құрылысының сыртқы тұрпатына қарағанда бұл ескерткіштер өте құнды ақпараттар береді деп үміттенуде.
Айта кетсек, биыл «Әзірт Сұлтан» қорық-музейі археологиялық қазба зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензияға ие болған. Музей тарихында осындай археологиялық қазба жұмыстары музей тарапынан алғаш рет жүзеге асуда.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу