Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕРЕЙІМІЗ ТАСЫҒАН МЕЗЕТТЕР

МЕРЕЙІМІЗ ТАСЫҒАН МЕЗЕТТЕР

28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай, Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «ИзумиТау» демалыс аймағында мерекелік кеш өтті.


БАҚ өкілдерінің басын қосқан іс-шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, билік пен халықтың арасында алтын көпір болып жүрген журналистердің қызметі мен еңбегіне үлкен баға берді. Сондай-ақ, облыс басшысы БАҚ саласында еңбегі сіңген ардагерлерді «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалімен, сала үздіктерін облыс әкімінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, салтанатты кеште БАҚ қызметкерлері Облыс мәслихатының,  «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Грамоталарымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен,  ҚР Журналистер Одағы облыстық филиалының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Бұдан өзге, «Оңтүстік өнімі» байқауының жеңімпаздары анықталып, жүлделер тапсырылды. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

(Ә.Ә.)

Аят Әсетұлы мен Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу