Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шеру

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шеру

Шымкент қаласында «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай балалар мен жастардың қатысуымен жас музыканттар шеруі өтті. Балалар мен жас өрендердің қатысуымен өткізілген музыкалық оркестрдің екінші шеруі биыл барлық өңірлерде, соның ішінде біздің Шымкент қаласында өз жалғасын табуда.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған бұл шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, рухани адамгершілік, эстетикалық патриоттық тәрбие беру, балалар мен жастардың орындаушылық, шығармашылын қолдау мақсатында өткізілуде.

Аталған мерекелік шеруге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев қатысып, балаларды мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін білдірді.

Шеру барысында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарынан жиналған 200-ге тарта оқушының түрлі ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен жасаған флеш-мобы көрермендер назарына ұсынылды. Саябақта балаларға арналған анимациялық шоулар мен халықаралық балалар күніне орай арнайы қойылған көрме балаларға көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.

Пікір жазу