Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Жас буынның идеясы тың

Жас буынның идеясы тың

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химия-технологиялық, кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша өзекті мәселелері қарастырылды. Пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды. Отырысқа  Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Байқау өткізілді. Дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Бұдан былай студенттерге де несие алуға құқық беріледі. Тек үстеме пайызы бар қарызды алу үшін жастардың жеке бизнес ашуға талабы мен сәтті жобасы болуы шарт, деп хабарлайды  Atameken TV. Әрине жастар инновациялық жаңалықтарға құштар екені рас. Қарағандыда өткен «Атамекен» КҰП аймақтық кеңесінің отырысында Тимур Құлыбаев осындай мәлімдеме жасады. «Жас буынның идеясы тың» деген төралқа төрағасы мемлекет тарапынан да қолдаудың еселенетінін жеткізді. Сондай-ақ, таяуда палата өкілдері елдегі жоғарғы оқу орындарындағы кадрлық даярлыққа да сараптама жүргізіп шықпақ. Бүгінде Қазақстанда 130 білім беру ошағы бар. Онда 2 мың мамандық бойынша оқытылады. Дегенмен, тәлімгерлердің дені дипломмен жұмыс істемейді. Сондықтан жастайынан бизнеске келуі дұрыс болмақ дейді «Атамекен» КҰП төралқа төрағасы. «Біз студенттер үшін жұмыс істейтін арнайы шағын несиелеу ұйымдарын ашпақпыз. Мақсат – жеке бизнесін ашуға мүмкіндік беру. Яғни, кадр дайындауды нысанаға алып отырмыз. Бұл адами капиталды мен аймақтық дамуды жетілдіруге жәрдем болатын құрал. Ең бастысы, қажеттілік бар», — деді Тимур Құлыбаев. Қарағандыға жұмыс сапармен келген «Атамекен» төралқасының төрағасы мұндағы Литейн машина жасау зауыты мен аллергиялық орталықтың жұмысымен танысты. Медициналық жоба мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қолға алынған. Болашақта орталық ғылыми зерттеулермен де айналысуға тиіс.

Пікір жазу