Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Абай ауданының «Мәдениет-ұлттық рухымыз» атты Кентау қаласындағы күндері өткізілді

Абай ауданының «Мәдениет-ұлттық рухымыз» атты Кентау қаласындағы күндері өткізілді

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және ел ордасы Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы Абай ауданының «Мәдениет-ұлттық рухымыз» атты Кентау қаласындағы күндері өткізілді. Іс-шара барысында Кентау қаласының тұрғындарына арналған концерттік бағдарламалар қойылып, ауданымыздағы қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Кентаулықтарды Шымкенттен келген қолөнершілердің туындылары ерекше қызықтыруда. Мұнда тері бұйымдарынан жасалған ер-тұрман, торсық, дулыға, күн энергиясы технологиясы, шиден тоқылған қабырға суреттері, киіз бұйымдар, т.б. көз қарықтыратын дүниелер көп-ақ.

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев пен Абай ауданының әкімі А.Татыбаев өз ара ынтымақтастық пен татулықты одан әрі нығайту мақсатында бірлескен әр-түрлі іс-шаралар өткізу жөнінде меморандумға қол қойды. Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев Абай ауданынан келген қонақтарға қаланың киелі жерлерін аралатып, Кентау қалалық «Рухани жаңғыру» көрмесімен және «Кентау трансформатор зауытымен» таныстырды. Аудан әкімі А.Татыбаев Кентау қаласының халқына ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін өзінің алғысын білдіріп, іс-шара соңы «Шаншар» әзіл-сықақ театры мен «Саз» колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген кешкілік гала концертпен аяқталды.

 

Пікір жазу