Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АСТАНАҒА — 20 ЖЫЛ!

АСТАНАҒА — 20 ЖЫЛ!

Еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына орай «Оңтүстік-цирк» аренасында «Сүйіспеншілікпен, Астана!» бағдарламасымен Астаналық цирк ұжымы өнер көрсетті. Шоу барысында сигвейдегі эквилибристер, күлкілі сайқымазақтар, үйретілген иттер, жолбарыстар, көгершіндер, түрлі сиқырлар көрсетілді.
«Баспалдақтағы бірегей теңгерім», «Діңгек», «Көгершіндер феериясы», «Бос сым», «Сиқырлық және иллюзия» және т.б. оннан аса авторлық номерлерді көрсеткен ұжым өнерлері көпшілік қауымның көңілінен шығып, көрермендер қошеметтерін білдірді.

 Бұл қойылымға келген, әсіресе жазғы демалыстағы кішкентай балақайлардың қуанышында шек жоқ. Астаналық өнер иелері нағыз шоу көрсетті десек те болады.


Айта кетейік, осы апта ішінде Астананың 20 жылдығына орай бас қаланың өнерпаздары шырайлы қаланы әуелеген ән мен күйге көмкеруде. Сапар барысында «Ақ тілекпен, Астана!» шығармашылық жобасы аясында көрме ұйымдастырылып, соңы Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен  гала-концертте ұласты.

Пікір жазу