Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ШАРУАЛАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ЖЕҢІЛДІКТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ШАРУАЛАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ЖЕҢІЛДІКТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.

Биыл Бәйдібек ауданында қой саны 600 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайған. Ірі қара саны 60 мыңға, жылқы 200 мыңға жетті. Түйе басы да көбейген.

Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығына мән беріліп, кооперативтердің жұмысы жандануда. Солардың қатарындағы «Алғабас-Ағыбет» өндірістік кооперативі мен «Ерсұлтан-агро» ЖШС-гі егін шаруашылығымен бірлесіп айналысуда.

Бірлескен шаруашылық Алғабас, Ағыбет ауылдық округі аумағынан 2000 гектар жерге бидай, 1500 гектар жерге мақсары, 500 гектар жерге арпа, 400 гектар жерге жоңышқа еккен. Аталған шаруашылықта Алғабас, Ағыбет ауылдық округінің 20-ға жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, маусымдық жұмыстар қызған кезде 45-50 адамды жұмысқа тартылып, оларға 80 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Шаруашылықта 35 техника бар. Мұнда шаруалар «Стекловидный 24, «Красный водопад», «Память 47» бидай сұрыптарын еккен. Сонымен қатар арпамен сұлыны будандастырып өнім алуда. 6 тамызда 500 гектар мақсары өнімін ору жұмыстары басталды.

Пікір жазу