Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Қырғы» базар саудагерлеріне бос сауда орындары ұсынылуда

«Қырғы» базар саудагерлеріне бос сауда орындары ұсынылуда

Төле би көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар аумағындағы дүңгіршектер Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының шешіміне сәйкес, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде толығымен орнынан сүрілген болатын. Осыған орай, аталған дүңгіршек иелерінің тізімі жасақталып, базар ішіне тұрақты орындарға орналастырылу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, Қырғы базар аумағында ретсіз сауда жасап отырған тұлғалардың жасақталған тізіміне сәйкес, қаладағы базар басшыларымен түзілген келісім меморандумының негізінде базар аумағында бос сауда орындары ұсынылып, қазіргі таңға 50-ге жуық саудагер «Қырғы» базарына және 8 саудагер «Автонұр» базарына 3 ай ақысыз орналасты. Бұған қосымша, саудагерлерді жұмыспен қамту мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тізімі жолданып, тұрақты және уақытша әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылуда.
Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатындығын мәлімдеуде.
Ал, алдағы уақытта тұрақты орындарға орналасуға ниет білдіруші тұлғалар болған жағдайда,  53-28-92 байланыс телефонына хабарласа алады.

Пікір жазу