Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Аудан аумағында санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда

Аудан аумағында санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты аудан аумағында санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.


Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «Корпарация Ais» ЖШС, «БекАсыл Сервис» ЖШС, «Ақсемсер» ЖШС, «Нуреке Азия Бизнес» ЖШС, «Каусар Групп» ЖШС, «НұрСат» ЖШС, мекемелері атқаруда.


Қураған ағаштарды санитарлық қырқу жұмыстары, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстарымен “Аяулы алақан” қоғамдық бірлестігі айналысуда.
Сонымен қатар, санитарлық жұмыстар, аула ішіндегі қураған ағаштарды қырқу және ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары бойынша толық ақпарат алу үшін: 54-96-54 сымтетігіне байланысу арқылы мәлімет алуға болады.

Пікір жазу