Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтаңыздар!

Суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтаңыздар!

Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Айта кетсек, мезгілсіз уақытта және судың салқындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағанан да қайғылы жағдайларға ұшырауда.

Әсіресе, балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда. Ал, өзен жағалауларында тазалықты сақтау да маңызды. Кілем мен басқа да тұрмыстық заттарды өзен жағасына жууға қатаң тыйым салынады.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық жергілікті полиция қызметкерлері және төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе арнайы іс-шара жұмыстарды қолға алып, тұрғындарға сақтық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.


Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты, аудан тұрғындары мен қонақтарын, суға шомылар алдында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, суға түсуге тыйым салған жерлерге шомылмауларын сұранады.

Пікір жазу