Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «БҰЛ — БІЗДІҢ ТАУЛАР!» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

«БҰЛ — БІЗДІҢ ТАУЛАР!» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Бұл — біздің таулар!» фестивалі басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында өтеді. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды.

Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері — Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.

Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, фестифаль аясында өтетін концерттік бағдарлама да бар.

Пікір жазу