Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 28 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 28 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 қыркүйек — Білім күні қарсаңында Түркістан облысында 28 жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

2018-2019 оқу жылы қарсаңында облысымызда жаңа 28 білім ошағы шәкірттеріне құшағын айқара ашты.
Ордабасыдағы Шұбарсудан бөлек, жаңа оқу жылында Береке елді мекені мен Теспе ауылдарында 200 орындық мектептердің құрылысы бітті. Сонымен бірге, Бәйдібектегі Сарқырама, Түйетас, Бәйдібек ата және Тұрақты елді мекендерінде 150 орындық білім ошақтары пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратқа қарық болған аудандардың ішінде Сарыағаш (7 мектеп) пен Мақтаарал (4 мектеп) аудандары да бар. Ал, Төлеби мен Сайрам аудандарында және Арыс пен Түркістан қалаларында 300 және 600 орындық 2 мектептен пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қазығұрт пен Жетісай аудандарына бір-бір жаңа мектептен бұйырды.

Осылайша облыс бойынша үш ауысымда білім беретін мектептердің қатары азайып, таяу жылдары  бұл мәселе толықтай шешімін табары анық.

Пікір жазу