Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Келес аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс 1 – конференциясы болып өтті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Конференция жұмысын жүргізу үшін президиумнан «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Миятұлы Жолдасов, Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы Есбаев, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Полат Мұратұлы Тұрсынбаев орын алды.
Конференцияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды
1. «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық партия филиалының төрағасын сайлау
2. «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің құрамын сайлау.
3. «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық партия филиалының Саяси Бюросының мүшелерін сайлау.
«Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс 1 конференциясының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, Келес ауданының әкімі А.Есбаев «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасына сайланды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық партия филиалының Саяси кеңесі құрамы және Саяси Бюросының құрамы сайланып, аталған қаулылардың орындалуына бақылау жүргізу «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының Саяси кеңесіне жүктелді.

Пікір жазу