Биылғы жылдың «Балалар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда, Түркістан қаласында балалар жылы аясында жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың құқығын қорғап құқықтық мәдениет қалыптастыру. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
Шымкентте жол белгілері орнатылып жатыр
Шымкент қаласында жол белгілері орнатылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) ...
Толығырақ »Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады. Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған. Бұдан ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ – ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАСЫ
Шымкент қаласында бүгінде оннан аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, «ASАA» жастар қоғамдық бірлестігі, «Ізгілікте жарысайық», «Харекет» қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық порталы, «Жігер» салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, «Жасыл ел» еңбек жасақтары және тағы басқа волонтерлік ұйымдар қоғам өміріне белсене араласуда. Барлық ұйымда дарынды жастар шоғыры қалыптасқан. Қалалық жастар ресурстық орталығы өкілдерінің мәліметінше, ...
Толығырақ »Шымкентте есірткіге қарсы науқан өтті
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, «Арбат» демалыс аймағында нашақорлыққа және есірткіге қарсы науқан өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шараға қаламыздың еріктілер тобы мен жанашыр тұрғындар жұмылдырылды. Акцияның мақсаты ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. Спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады. Ұстаздар күні қарсаңында алғаш рет ұйымдатырылып отырған спартакиаданың мақсаты – білім саласы қызметкерлерінің спорттық белсенділігін арттыру, бұқаралақ спортты дамыту. Жарыс қорытындысында Түркістан ...
Толығырақ »МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Бүгін Қазығұрт аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде мекемеаралық жиналыс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиналыста төрағалық еткен Қазығұрт ауданы прокуроры Қ.Базарбаев, қатысқандар Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ә.Лесов, Қазығұрт ауданы прокуратура қызметкерлері, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жеке сот орындаушылары, ауыл округі әкімдері мен тиісті сала ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ТУДЫ ҚАСТЕРЕГЕН ШЫМКЕНТТІК ЖІГІТТЕРГЕ АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ
Президент былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғанын еске салып, сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шыққанын ерекше атап өтті. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі ету керегін айтқан Мемлекет басшысы Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға Алғысын жариялады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар ...
Толығырақ »Президент Үкіметке Шымкентте Опера және балет театрын салуды тапсырды
Президент Үкіметке Шымкентте Опера және балет театрын салуды тапсырды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мәдениет саласы мемлекеттің басты назарында екенін айтты. – Қазір қалада ауқымды іс-шаралар өткізетін мәдениет ошағы тапшы. Менің тапсырмам бойынша 2 мың орындық Конгресс холлдың құрылысы басталды. Бұл нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Қалада Опера және балет театры бар. Алайда, ...
Толығырақ »Тоқаев Шымкенттің бас жоспарын қайта қарауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің бас жоспарын келесі жылдың ортасына дейін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сай болуы қажеттігін атап өтіп, мұнда әлемдегі ірі мегаполистерде болатын мәселелер түгел ескерілуге тиіс екенін айтты. – Орталық Азиядағы ең ірі нарықтың бірі – Ташкент агломерациясы іргемізде тұр. Сондықтан Шымкент барлық салада бәсекеге ...
Толығырақ »ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
«Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшыларына және педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбындағы әдістемелік-десанттық іс-шара өтті. «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Төлімбет Бақытжан Нұммұхамедұлы Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тыныс – тіршілігімен танысты. Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауы мен кәсіби бағдарларының қалыптасуы, оқушыларға кәсіби бағдар ...
Толығырақ »Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті. – Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ...
Толығырақ »КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ШЫМКЕНТ ДОЛЖЕН БЫТЬ КОНКУРЕНТОСПОСОБНЫМ ВО ВСЕХ ОТНОШЕНИЯХ»
Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что генеральный план города должен соответствовать его экономическому потенциалу, при этом необходимо учесть проблемы, с которыми сталкиваются крупнейшие мегаполисы мира. «В непосредственной близости находится один из крупнейших рынков Центральной Азии — Ташкентская агломерация. Поэтому Шымкент должен быть конкурентоспособным во всех отношениях. С учетом этого, поручаю до середины следующего года пересмотреть генеральный план города», — сказал Президент. В ...
Толығырақ »КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ ВСТРЕЧУ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ ШЫМКЕНТА
В своем выступлении на встрече с общественностью города Президент отметил, что Шымкент всегда отличался особой теплотой и с точки зрения природных условий, и с точки зрения душевной щедрости его жителей. «Шымкент занимает особое место в духовной жизни нашего народа. Этот город является благодатной колыбелью национальных традиций. Он олицетворяет лучшие черты казахского характера. Здесь соединены в единое целое лучшие проявления культуры ...
Толығырақ »М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ШЫМКЕНТКЕ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛДІ
Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек және М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының әртісі, Қазақстан Республикасы «Серпер» жастар одағы сыйлығының иегері Алмас Шаяхметовтің қатысуымен М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Шымкент қаласына арнайы гастрольдік іс-сапармен келуіне байланысты өткен брифингте ...
Толығырақ »«Халықаралық туризм күні»: Шымкентте ақпараттық тур өтуде
Шымкент қаласында ақпараттық тур өтуде. Осыған байланысты Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. рлан Ермекұлы БАҚ өкілдеріне Халықаралық туризм күніне орай өтіп жатқан ақпараттық тур жайлы айтып, жергілікті туристік бизнес өкілдерін айтулы күнмен құттықтап өтті. “Бүгін — Халықаралық туризм күні. Сол себепті, ақпараттық турымызды да осы күнге жоспарладық. ...
Толығырақ »Түркістанда «Кемеліне келген қария, ақыл-ойы дария» атты кеш өтті
Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында Түркістан қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағы мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мерейлі отбасы» ұлттық бірінші байқауының жеңімпазы Елтай Бимаханбетұлының 90 жасқа толуына орай «Кемеліне келген қария, ақыл-ойы дария» және ұстаз, әнші, сазгер, өнер майталманы Қаламқас Өтеуованың «Сегіз қырлы бір сырлы қыр гүліндей Қаламқас» атты кездесу кеші болып ...
Толығырақ »БАС ЖҮЛДЕ САЙРАМДА
Түркістан облысында «Turan» интелектуалды сайысында Сайрам ауданының жастар командасы бас жүлде мен арнайы номинацияны иеленді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «TURAN» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған сайысқа Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген 44 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Оның ішінде ойынның ...
Толығырақ »ОРАЛЫМДЫ ІСТЕР КӨП
Қазығұрт ауданы әкімі бекіткен 2021-2025-жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, Қазығұрт ауылы округі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қазығұрт ауылы округі бойынша бір жылға арналған қаржылық жоспар 49 151,0 мың теңге. Бүгінгі күнге дейін нақты түскені 50 154,8 мың теңге, орындалу көрсеткіші 102 % . Ауыл тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында, Қазығұрт ауылы округі, Жібек-жолы, Табыс, Қазына, Бигельдинов, ...
Толығырақ »Шымкентте зиянды организмдерге қарсы 26 690 га алқапқа бақылау жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев өсімдіктер карантині мен өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Инспекция бойынша жыл басынан жеке және заңды тұлғалармен экспортқа карантинге жатқызылған 150791 тонна өнім шығарылды. Сондай-ақ, қала аумағына келген өнімдерге екінші карантиндік, ...
Толығырақ »Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты салынып жатыр
Биыл Шымкент қаласында 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Солардың бірі – Бозарық-3 шағынауданында бой көтеріп келе жатқан Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің қосымша ғимараты. Жобаға сәйкес бұл нысанда бір ауысымда 10 мен 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы, ...
Толығырақ »«Ассалаумағалейкум-VI»: Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жүлдемен оралды
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры халықаралық «Ассалаумағалейкум-VI» қуыршақ театрларының фестиваліне қатысып, жүлдемен оралды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған байқау Ақтөбе облысының әкімдігінің қолдауымен және облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры байқауға М.Малдыбаеваның режиссерлігімен сахналанған «Асыл шөп» қойылымымен бақ сынаған. Көрермен көзайымына айналған «Асыл шөп» спектаклі «Балаларға арналған үздік қойылым» номинациясын иемденсе, театр ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТ: МАҚСАТ – МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ
Қазақ халқы әу бастан мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласымен айналыса бастады. Жаз жайлауда, күз күздеуде, қыс қыстауда жүрсе де төрт түлікті баптап ұстады. Кең байтақ дархан даламыздың қойнауын төрт түлікпен толтыра білген. Шама-шарқынша қой өсірді, жылқы ұстады, түйе бақты, сиыр сауды. Ішсе сусын, жесе азық, мінсе көлік, кисе киім болған төрт түлік адамзат баласымен бірге тіршілік етіп келе жатқанына ...
Толығырақ »«Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті
Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оған орта арнаулы оқу орындарының командалары қатысты. Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау. Жастар ресурстық орталғының басшысы Мағжан Исахов «Фан ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТ: АГРОӨНДІРІСТЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Соңғы жылдары ғаламшарымыздың түрлі аймақтарында су тапшылығы орын алуы мүмкіндігі туралы жиі-жиі айтылуда. Тіпті, су ресурстары қазіргі уақытта геосаясаттың құралына да айналып бара жатыр. Өйткені, су – барлық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы, адамзат тіршілігінің кепілі. Су ресурстары дегенде, әрине, біз ең бірінші тұщы сулар жайлы, оның ішінде жылда жаңарып, қалыптасып отыратын өзендер, ағын сулар – жаңғырмалы суларды айтамыз. Әр өңірдің ...
Толығырақ »