«Ұлы Дала Елі» орталығының ұйымдастыруымен Кенесары ханның 220 жылдығына орай «Кемеңгер қолбасшы хан Кене: мәселелер мен ізденістер» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталмыш конференцияға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері мен оқытушы-ғалымдары қатысты. Конференция барысында студенттер өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды.
Конференцияның қорытынды сөзі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбековке және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің. т.ғ.к., доцент Ербол Абдрамановқа, «Ұлы Дала Елі Орталығының» директор орынбасары Тұрар Акимовқа берілді. Олар осы ұйымдастырылған конференцияның тарих саласын дамытуда алар орны ерекше екенін және Кенесары ханның жастар арасында кең көлемде насихатталу керектігін тілге тиек етті. Мұндай танымдық шараның жастарға берер тәлім тәрбиесі мол дей келе, конференцияның өз деңгейінде өткендігін атап өтті. Сонымен қатар келешек ұрпаққа өткен тарихымызды таныстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған конференцияға белсене қатысқан жастарға мол ризашылықтарын білдірді.
Кенесары Қасымұлы – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы. Кенесары хан елінің амандығымен жерінің тұтастығын, өркениетінің өшпеуі үшін атқа қонған тарихи тұлға.