Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДА ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДА ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ

Сайрам – облысымыздағы ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аудандардың бірі. Өңірде өндірілетін өнімдермен өзімізді ғана қамтып отырғанымыз жоқ, өзге аймақтарға да жіберілуде. Ауыл шаруашылығы – экономика тірегі.

Сайрам ауданының агроөнеркәсіп саласында биылғы жылдың 10 айында 108 млрд теңгеден астам өнім өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артқан. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков брифингте мәлімдеді.

Биыл «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «АLTYN KÚZ -2022» салтанатты мерекесінде Сайрам ауданы «Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындау» бойынша облыста көш бастаған болатын.

Аудандағы басты сала агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамуда. Соңғы 3 жылда 1,2 есеге артық өнім өндірілген. Ал, 2022 жылдың  10 айында 108 млрд теңгеден астам өнім өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артық өнім алынған. Облыс көлемінде ауданның үлесі 11,4%-ды құрап, бүгінгі таңда  1 орынға тұрақтап отыр.

Жаңадан 103,3 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілсе,  10,4 га жерге жылыжайлар салынып, 35 га жерге қарқынды бау егілді.

Биыл егіс көлемі 52,8 мың гектарға жеткізілді. Шаруалар тарапынан күздік бидай, арпа толығымен жиналып біткен.

Былтыр «Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу» жобасы 280 гектарда жүзеге асырылса, биыл бұл көрсеткіш 306,2 гектарға жетті.

Биыл агроөнеркәсіп кешенінде жалпы 75 жұмыс орнымен қамтылған 2,7 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылды. Атап айтқанда,  Жібек жолы а/о ЖК Урунбеков «Жібек Жолы» диірмені мен өсімдік майын шығаратын цехі, Қайнарбұлақ а/о «Юг Фуд» ЖШС-інен сүт өңдейтін зауыт, Ақсукент а/о «ЗӘУРЕ» ШҚ 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасын іске асырды.

Осы іске қосылған жобалар ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артуына себеп болып, жыл қорытындысын 119,7 млрд теңгеге жеткізуді межелеп отырмыз.

Ал енді осы саланың өзекті мәселесі – ағын су. «Ақсу» МКК-і тарапынан бүгінгі күнге дейін каналдар мен арықтардың жалпы 132 шақырымы тазаланды. Сонымен қатар, келесі жылы 5 каналды (Әсіл, Аламан, Төменгі Аққала, Сай-Манкент) күрделі жөндеуден өткізуге құны 75 млн теңгені құрайтын ЖСҚ-ы әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу үшін облыстық басқармаға тапсырылды.

Аудандағы 68 өнеркәсіп кәсіпорынмен 47,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 12,2 млрд теңгеге артық өнім өндірілген. Оның ішінде өңдеу саласы дамып келеді. Өңдеудің өнеркәсіп саласындағы үлесі 86%-ға жетті, яғни 41 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Бұл көрсеткіштің өсу қарқынымен аудандар арасында Сайрам 2 орында.

Кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен жаңа 30 жұмыс орны бар газоблок шығаратын зауыт («Корпорация АЯН» ЖШС-і) іске қосылып, құрылыс индустриясын дамытуға сеп болды.

Жалпы, өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жыл қорытындысымен өнім көлемін 52,7 млрд теңгеге жеткізу мақсатында жұмыс жүріп жатыр.

 

 

Пікір жазу