Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЙБАРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ «ЕҢ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ» АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЙБАРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ «ЕҢ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ» АТАНДЫ

«2022 жыл-Балалар жылын» қолдау мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков түркістандық жас футболшы Бейбарыс Сұлтанбекұлын қабылдады.
Футболдан Грецияның Афина қаласында өткен халықаралық турнирде Бейбарыс «Тұран» командасының сабында ойнап, «ең үздік шабуылшы» атағының алған болатын.
Франция, Сербия, Албания, Украина сынды мемлекеттер қатысқан бәйгеде команда капитаны Бейбарыс Сұлтанбекұлы 14 гол соғып, алтыншы орынға жайғасты.
Оған дейін жас спортшы футболдан Қазақстан чемпионатында күміс жүлде, республикалық турнирлерде жеңімпаз атанып келген.
Футболшыны арнайы қабылдаған Байдулла Жұмадуллаұлы шаһар басшысының арнайы алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.
Спортшыға ізгі тілегін айтып, алдағы жарыстарда биіктерден көрінетініне сенімін білдірді.
Сонымен бірге, команда жаттықтырушысы Марат Хожаахметұлының ұсыныс тілектерін тыңдап, қала спортының дамуында атқарған еңбектері үшін марапаттады.

Пікір жазу