Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА «ЕҢ ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА «ЕҢ ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

2022 жыл – Балалар жылына орай Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп» КММ-і базасында инклюзивті балалардың арасында «Ең ерекше жұлдыз» атты байқауы өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Байқауға Түркістан қаласындағы ерекше білімді қажет ететін 7-12 жас аралығындағы балалар қатысты.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.

ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.

Осы бағытта өткізілген қалалық байқау үш кезеңді қамтыды:
I кезең- Видеоролик «Мектептегі бір күнім»;
II кезең – «Мен ең мықтымын» педагог-ассистентпен немесе кабинет маманымен бірге жеке сабақ көрсету;
III кезең – «Менің жұлдызды сәтім» педагог-ассистентпен бірге немесе кабинет маманымен бірге өнер көрсету. Қатысушылар осы үш кезең бойынша сайысқа түсті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлдемен «М. Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп» КММ-нің оқушысы Суннатулла Бағым, педагог-ассистенті Құрласбаева Жанат марапатталды.
І-орын «Түркістан қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің оқушысы Насыров Ойбек, Дефектолог- сурдопедагог Мырзағалиева Нурилла Серікхалиқызы мен «М. Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп» КММ-нің оқушысы Алибаева Жансая, педагог-ассистенті Турлыбекова Гүлнур.
ІІ-орынмен «Түркістан қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің оқушысы Зайдов Данияр, педагог-психолог Алтенова Нургуль Еркиновна,
ІІІ-орынмен «А. Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі» оқушысы Төлебай Мариям Нұрболатқызы, педагог-ассистенті Жораева Қызжібек марапатталды.
-«Алдағы уақытта ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы орта мектепке білім алуға және әлуметтік ортаға бейімдеуге, ерекше балдардың қабілетін ашуға және әртүрлі байқауларды ұйымдастыруда белсенді жұмыс жасаймыз. Тіпті, жыл сайын өткізу дәстүрге айналуда»,-дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген.

Инклюзивті білім берудің 8 принципі бар:

1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;

2. Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;

3. Әркімнің сөйлесуге және оны тыңдауға құқығы бар;

4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж;

5. Білім нынайы қарым-қатынастар аясында ғана жүзеге асуы мүмкін;

6. Барлық адам өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

7. Барлық оқушы үшін жетістікке жету – оның орындай алатын әрекеті;

8. Жан-жақтылық адам өмірінің аясын кеңейтеді.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту, арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары.

 

 

Пікір жазу