Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДАҒЫ БӘЙТЕРЕК ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ 6 ГЕКТАРЛЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҚЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

САЙРАМДАҒЫ БӘЙТЕРЕК ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ 6 ГЕКТАРЛЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҚЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданында жылыжайлар саны артып келеді. Жуырда Бәйтерек елді мекенінде аумағы 6 гектар болатын жылыжай іске қосылады. Нысанның инфрақұрылым жүйелері шешімін тапқан.

Түркістан облысындағы мына атшаптырым жер «қызанақ патшалығына» айналмақ.
Жері берекелі Сайрам ауданында жыл өткен сайын жылыжай шаруашылығы дамып келе жатқанын білеміз. Ауданның көкөністері алыс-жақын шетелге экспортталып, ауқымын ұлғайтып жатыр.
Бүгін пресс-тур аясында Бәйтерек елдімекеніндегі «Зәуре» жылыжай құрылысының жұмысымен танысудың сәті түсті.
Шаруашылықтың басы-қасында жүрген Жарқын Байдуллаев мемлекеттік субсидия көмегімен тәуекел деп кәсібін бастапты.
Жылыжайдың көлемі 6 гектар аумақты қамтиды. Негізінен қызанақ өсіруге басымдық береді. Жоба құны 2 млрд. Биыл желтоқсан айында іске қосылады.
Шаруашылықтың басы-қасында жүрген Жарқын Байдуллаев мемлекеттік субсидия көмегімен тәуекел деп кәсібін бастапты.
Жылыжайдың көлемі 6 гектар аумақты қамтиды. Негізінен қызанақ өсіруге басымдық береді. Жоба құны 2 млрд. Биыл желтоқсан айында іске қосылады. Жалпы 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

 

Пікір жазу