Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын болып өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын болып өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектепте, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің 15.11.2022 жылғы хатына сәйкес, Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2-ақпандағы N802 Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілгені және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған қарсы тұру, жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау оны нығайту, жастар арасында адалдық идеологиясыны насихаттау және терең білімнің маңыздылығыны түсіндіру мақсатында, мектебіміздің ТІЖДО З.Абдукадиров, М.Астанов, ҰП Г.Сидиқовалар басшылығында «Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубы» мүшелері арасында салтанатты слёттік іс-шарасы болып өтті.
«Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубы» мүшелерінің слётіні ҚББП М.Сайдазимов, Ш.Абдурахманова, М.Адилбекова және АӘД пәні мұғалімі Х.Исаковтар жетекшілігінде 9-желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырып өткізді.
Салтанатты іс-шараның ашылуы кезінде «Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубы» мүшелері ҚР Мемлекеттік Туыны қошеметтеп ортаға алып кірді және ҚР Мемлекеттік Әнұранына құрмет көрсетіп, оны жан-жақты жүрегімен керемет орындады. Мектепте жасөспірімдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында, «Сыбайлас жемқорлық-індет, жою-міндет» атты ұраны мен шеру ұйымдастырып, мереке соңында патриоттық әндер, құттықтау сөздерімен аяқтады.
Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсінік беру; Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу, әлімжеттілікті болдырмау, зорлық-зомбылықтын алдын алу;
Болашақ ұрпақтың бойында патриоттық сезімін ояту және Отанымыз үшін адал перзенттер болуына баулау;
Отансүйгіш азамат болып өсүіне тәрбиелеу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді қатысу, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады,-құрметті Отандас!

Пікір жазу