Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ауыл шаруашылығы – экономика тірегі

Ауыл шаруашылығы – экономика тірегі

«ALTYN KÚZ- 2022» іс-шарасында Сайрам ауданы 1-орында.
Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыратын, сондай-ақ ауылдық жерлердің еңбек потенциалын, халық шоғырын арттыратын экономиканың бірден-бір секторы. Бұл сала қай елдің де болмасын экономикалық дамуының, тәуелсіздігінің және тұрақтылығының негізгі тірегі.
Сайрам – облысымыздағы ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аудандардың бірі. Өңірде өндірілетін өнімдермен өзімізді ғана қамтып отырғанымыз жоқ, өзге аймақтарға да жіберілуде. Ауыл шаруашылығы – экономика тірегі.
Осыған орай Түркістан қаласында «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «АLTYN KÚZ -2022» салтанатты мерекесінде ауданымыз Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан 1-орынды иеленді.
Сонымен қатар, ет өнімдерін экспорттаудан, сүт өндіруден және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан болып марапатталды.
Сондай-ақ, озат агроқұрылымдарда марапатқа ие болды олар, ет өнімдерін экспорттаудан озат агроқұрылым «Туран Агро Ет-Сүт» АШӨК және озат мал бордақылаушы «Курбантай ата» шаруа қожалығы.
Дала төсінде маңдай тер мен қажырлы еңбекпен жүрген аудан диқандары мен төрт түлікті тіршілігіне арқау еткен ағайынның арқасында аудан экономикасы барынша өсіп келеді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
«AMANAT» партиясы Сайрам ауданы мәслихаты депутаты, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуатбеков Қадырбек Садықұлы

Пікір жазу