Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылындағы Далабазар көшесі бойындағы «Умар Ата» шаруа қожалығына тиесілі «Алма бау» жұмысымен танысты. Шаруа қожалығын Розакулов Икрамжан Ирисбекович басқарады. Бауға арналған жер көлемі 2,35 гектар. Қожалықтың басшысы 2009 жылы ашып, бүгінгі күнге дейін бау өсірумен айналысып келеді. Алманың жоғары сортты көшеттерін бауына еккен. Шаруашылықта жалпы 700 дана көшет отырғызылған. Шаруа қожалығымен кездесу барысында аудан ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТАҒЫ РЕЙДТІК ШАРА
Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімі, Сайрам аудандық полиция басқармасы, « Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, адами аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері бірлесе Қарабұлақ ауылында түнгі рейдтік шара өткізді. Мақсат – аудандағы кәмелет жасына толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану деректеріне жол бермеу, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сайрам Ауданының Прокуратурасы осындай ауқымды бастама көтеріп, жоғарыда аталған ...
Толығырақ »ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ — ТИІМДІ ӘДІС
Сайрам ауданында Қарабұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары көкөніс егу және өнім алу жағынан көш бастап отырады. Аталған ауылдағы «Қадиркул ата» шаруа қожалығы соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісін тиімді қолданады. Соның арқасында жыл сайын өнім көлемі артып, өнімдері түрленуде. Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков қарабұлақтық Усманов Мухаммаджан Каримкулович отбасымен бірге жүргізіп отырған шаруашылығымен танысты. 2011 жылдан бастап шаруа қожалығының басшысы көкөніс егу жұмысымен айналысып ...
Толығырақ »БАЗАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан құрылған аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторинктік топ мүшелері Б.Биназаров, А. Бейсебай, А. Төлебек “MAGNUM”, “Әділ” маркет-дүкендерінде және «Сайрам» базарларында аудан тұрғындарына қажетті азық-түлік пен тағы басқа да қажетті өнімдері бағасының тұрақтылығына сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер толық екендігі анықталды. Бағаларды негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатыны ...
Толығырақ »ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ЕСЕБІНЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ Ауылдық Округінде жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-сапар кезінде алдымен биылғы Жаңа оқу жылында ашылған жекеменшік негізгі орта мектебінің жұмысымен танысты. Типтік үлгіде салынған жекеменшік мектепті Ахмедов Элмурад Иристаевич басқарады. Бүгінгі таңда білім беру мекемесіне 35 мұғалім жұмысқа қабылданған. Жалпы 386 бала білім алуда. Нысанның ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА БІРНЕШЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев 2022 жылдың II тоқсанда жергілікті халықпен өткен кездесу барысында көтерілген мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды. Төмендегідей, 1. Ахмаров көшесінің 2,7 шақырымын жарықтандыру. — Ахмаров көшесінің 2,7 шақырымына жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық ...
Толығырақ »ЖАҢАТАЛАП САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында. «Жаңаталап» подстанциясы құрылысының 90% аяқталған. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі — ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: МАРАФОНҒА 5 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Шымкент қаласында 5-ші рет өткен жүгіру марафонында биыл рекорд орнады. Оған 5 мыңға жуық азамат қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар, деп жазады қала әцкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынған бұқаралық сайыстың жүлде қорына 11 млн теңге қойылды. Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап ...
Толығырақ »НАШАҚОРЛЫҚ — БОЛАШАҒЫҢА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасының бақыты – өз қолыңда» және «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті. Жиын спикерлер және университет студенттерінің қатысуымен ОҚМПУ жатаханасында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – бүкіл қоғамның қасіретіне айналған нашақорлықтың алдын алу, отбасы құндылығын сақтап қалу жолдарын жастарға түсіндіру. Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел ...
Толығырақ »ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ НЕГІЗІ
Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, пікір алмасты, деп хабарлайды қалалық қоғамдық келісім мекемесіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты. Қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев биылғы Жолдау жаңа экономикалық бағдарымызды ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында кездесу өтіп, Аманат партиясының аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, Сайрам Аудандық Мәслихаты хатшысы Шамхат Халмурадов, аудандық мәслихаттың депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен Сайрам аудандық аумақтық комиссиясының төрағасы С.Кенжебаев ауылдық округінде 2022 жылдың 4 қыркүйегінде өткен сайлауының қорытындысы бойынша Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімдігіне сайланған әкімін тіркеу туралы Сайрам аудандық аумақтық ...
Толығырақ »САЙРАМ: «ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», — деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі аталып өтеді. Осы орайда, Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тіл – достықтың тірегі» атты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараға келген тұрғындар мен қонақтарға мерекеге ...
Толығырақ »САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжілісте аудандағы жайылым жерлерді қайтару, 2022-2023 жылғы жылу маусымына дайындық, аудан аумағында тазалық жұмыстарының барысы қаралып, талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтың берген баяндамасына сәйкес, аудан бойынша 9,9 мың гектар жайылымдық алқапты ортақ жайылымға беру ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Сайрам ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі №969 Жарлығымен 16 ана «Алтын алқа» және 95 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аналарды марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев қатысты. — Бүгін осында отырған әрбір ана үшін маңызды күн. Сіздерге белгілі, демографиялық өсімі жоғары аудан. Бала саны жыл ...
Толығырақ »КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» АЛҚАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көп балалы аналармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында аудан әкімі атынан көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті. Мадияр Мұхтарұлы: «Құрметті көп балалы аналар, аяулы жандар, ардақты аналар! Сіздер үшін бүгін қос қуанышты күн. Марапаттарыңыз Білім күні мерекесімен ...
Толығырақ »ТУРКЕСТАН: В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ИНВЕСТОРЫ ОТКРЫЛИ ПЯТЬ ШКОЛ
В Сайрамском районе Туркестанской области открыты пять частных школ. Одна из них — школа для начальных классов на 300 мест в сельском округе Кайнар-булак, четыре общие средние школы на 1200 мест – в сельском округе Манкент. Сначала аким района У. Садибеков вместе с почетными гражданами области А. Досболовым и С. Бараховой приняли участие в торжественном открытии частной начальной школы «Бакдаулет» ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ИНВЕСТОРЛАР 5 МЕКТЕП АШТЫ
Түркістан облысы, Сайрам ауданында 5 жекеменшік мектеп ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның бірі Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 300 орындық бастауыш сыныптарына арналған мектеп болса, қалған 1200 орынға арналған 4 жалпы орта мектеп Манкент ауылдық округінде орналасқан. Алдымен аудан әкімі Ұ.Сәдібеков, облыстың Құрметті азаматтары Ә.Досболов және С.Бараховалармен бірге Қайнарбұлақ ауылындағы 300 орындық «Бақдәулет» жекеменшік ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
Жылыту маусымына әзірлік «Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-не қарасты 93 білім беру мекемесі және 1 мектеп-интернат жұмыс істейді. Оның 83-і типтік, 10-ы ыңғайластырылған нысандарда орналасқан. Аталған білім ошақтарының жылыту жүйелері көгілдір, сұйық және қатты отындармен жылытылады. Оның ішінде табиғи газбен 37 мекеме, қатты отынмен 36 (көмір) мекеме, сұйық отынмен 3 мекеме (дизель) жылытылады. Барлық білім мекемелеріне сығымдау жұмыстары ...
Толығырақ »«Аналар сөзі-тәрбие көзі»
«Сенімен Болашақ» РҚБ және «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қолдауымен Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде ата-аналармен кездесу өтті. Кездесудің басты қонағы Мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы және аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы болды. Кездесуге 150-ден ...
Толығырақ »ЗАҢСЫЗ САУДА ОРНЫНА КЕЗЕКТІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде орналасқан заңсыз жұмыс істеп келген ағаш базарының кәсіпкерлеріне кезекті рет ескерту жасалды. Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың сөзінше, мұндағы 86 соттық жер телімі қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сауда орталығын салуға рұқсат беріліп, эскиздік жобасы келісілген. Алайда қазір осы нысанда кей тұрғындар заңсыз ағаш саудасымен айналысып, жергілікті тұрғындарға кедергі келтіруде. —Кәсіпкерлерге ағаш базарының талапқа ...
Толығырақ »Президент жолдауы — елді одан әрі жаңғыртудың маңызды стимулы
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мемлекет пен оның тұрғындарының негізгі және стратегиялық маңызды аспектілеріне әсер етті. Құжатта Қазақстан үшін туындаған жаһандық және ішкі қауіп-қатердің ықпалын терең әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси құқықтық, жер, ауыл шаруашылығы, көлік, жол, су талдаулары қамтылған, оларға баға берілген, проблемаларды еңсеру тетігінің жолдары белгіленген. Өзектілік пен әділеттілік, мысалы, Президенттің азық-түлік бағаларына әкімшілік бөліністерді, жаңа Салық және бюджеттік реформаларды, пайдаланылмаған ...
Толығырақ »ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні ел дамуының жақын болашақтағы бағдарында маңызды саналатын халыққа Жолдауын жариялады. Қоғамдағы түйткілді тұстардың негізгілері қамтыды. Кәсіпкерлік ел экономикасының негізі саналатыны айқын. Президент экономиканың тұрақты өсуіне тікелей әсер 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін айтты. Расында да кәсіпкер не үшін және қанша көлемде салық төлейтіні айқын болса, салықтық ынталандарыру шаралары мықтап қолға алынса, салық төлеуден жалтаратын ...
Толығырақ »Мақсаты айқын, үміті зор Жолдау
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жаңа Қазақстанды дамытуда өте үлкен мәселелерді шешуді міндет етіп қойды. Бұл Жолдауда қазақстандық қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің нақты шешімі табылғаны, көкейкесті сұрақтарға жүйелі жауаптар берілгені, халықтың талап-тілектері барынша ескерілгені анық байқалып тұр. Жолдау біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы керектігін айқындап берді. Мысалы, алдағы уақытта арнайы қор құрылып, 18 жасқа дейін ...
Толығырақ »ЖАЛҒА АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУБСИДИЯЛАУҒА 1400 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 221 азаматпен «Отбасы банк» арасында келісім шарт түзіліп, жалдау ақысының 50%-ы мемлекет тарапынан аударылды. Осыған байланысты тұрғын үй басқармасы мен “Отбасы банк” өкілдері бірлесе Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 ...
Толығырақ »КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Парманов Азамат Бұхарбайұлы және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Қаратау ауданының жастарымен өтті. Кездесу барысында Қаратау ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар, Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттап атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген ...
Толығырақ »