Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНҒА ТАТАРСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАНҒА ТАТАРСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Татарстан Республикасының «Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы төрағасының орынбасары Ахматов Марат бастаған бір топ бизнес өкілдері облыстың инвестициялық мүмкіндігімен танысу үшін Түркістанға келді.
Сапар аясында делегация Түркістан қаласында орналасқан индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен инвестициялық жобаларға көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктері жөнінде баяндама тыңдап, “TURKISTAN Textile” тігін фабрикасының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ татарстандық бизнес өкілдері түркістандық инвесторлармен және ауыл шаруашылығы саласындағы іскер азаматтармен кездесулер өткізді.

Пікір жазу