Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ ОКРУГІ БЮДЖЕТТЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ ОКРУГІ БЮДЖЕТТЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Қазығұрт аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оған аудан әкімі А.Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, дербес бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев төрағалық жасады.
Онлайн-трансляция режимінде өткен жиында бір мәселе қаралды. Сессияның күн тәртібі:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №67/410-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Сапиев баяндама жасап, түсінік беріп өтті.
Депутаттар тарапынан қойылған салықтық түсімдер туралы сауалдарға нақты жауап берілді.

Сессия соңында аудан әкімі «Қазақстанның Кәсіподақтар күніне» орай Түркістан облысы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек озаты» төс белгісін аудан әкімінің баспасөз хатшысы С.Қалботаевқа, «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының «Алғыс хатын» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Әлсейітовке, «Құрмет грамотасын» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Сапиевке салтанатты түрде табыстады.

 

 

Пікір жазу