Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ІЛИЯС ОМАРОВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

ІЛИЯС ОМАРОВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «25 қазан -Республика күні» мерекесі аясында мемлекет және қоғам қайраткері, парасатты сыншы, публицист Ілияс Омаровтың 110 жылдығына орай «Қазақ руханиятының қайнары»  атты тақырыптық кеш болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Кеш барысында қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі Мәрсәліұлы Кеңес, Хамза Пайзыұлы, «Даму» мектеп—лицейінің директоры Юсупова Зейнеш халқымыздың рухани қазынасын байытуға үлкен үлес қосқан, күллі зиялы қауымның құрметіне бөленген, халқына қадірі артқан мәдениет жанашыры туралы ой толғады.

Ілияс Омаров (1912-1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист. Халық жадында сақталудың жолы әрқилы. Біреу өнерімен, біреу ерен еңбегімен, тағы біреулер биік адамгершілік, азаматтық қылығымен ел өмірінде өшпес із қалдырады. Халқы оларды әрқашан есте ұстап, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп айтып отырады. Сол арқылы кейінгілерді де өткеннің ғибратына баулиды. ХХ ғасырдағы қазақтың сондай қадір тұтқан, ұлы деп сүйген азаматының бірі – Ілияс Омаров.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген екен Бұхар жырау.

Ілияс Омаров көнекөз қариялар айтатын «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда ғана боларсың елге нұсқа»- дейтін ата сөзін ту еткен арманы алыс, мақсаты асқақ мемлекет қайраткері, дарынды қоғамтанушы, әдебиет, өнер зерттеушісі, ақылды аға, қамқоршы ұстаз еді.

Оқырмандар Ілияс Омаровтың ой толғамдары мен өлеңдерін жатқа оқыса, ал кітапханашылар Ілияс Омаров туралы естеліктерден сыр шертті. Қазақтың біртуар ұлына арналған кеш барысында кітапхана оқырмандары «Ілияс Омаров өз дәуірінің төл перзенті» атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

Пікір жазу