Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕҢБЕК – БАРЛЫҒЫН ЖЕҢБЕК!

ЕҢБЕК – БАРЛЫҒЫН ЖЕҢБЕК!

Әйел адамның қабілеті ерекше. Өткен заманда ел билеген нәзік жандылардың көшбасшылық қасиеті бүгінгі күннің әйелдеріне дарығаны сөзсіз. Саясатта, экономиканың дамуына, бизнесті жүргізуге, креативті, туризм және басқа да салаларды қамтитын жобалардың басымдығы әйелдер кәсібінің жарқын үлгісі.
Қазақстанда кәсіпкер әйелдер мен әйелдерді саяси және экономикалық ілгерілету-бәсекеге қабілетті. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң» қабылданды. Қазақстан әйелдері де мемлекеттік саясаттың ауыр жүгін арқалап, өз ықпалдарын тигізуде. Бизнеспен саяатта айтарлықтай биік табыстарға қол жеткізуде. Қысқа мерзім ішінде мемлекеттік бақарудың ерекше үлгісін танытып, кәсіптерін дамытып, әрі іскерліктерін көрсетуде,-деді ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Ғ.Медеуов
Әйгілі Наполеон «Өркениетті әрі білімді ұрпақтың қалыптасқанын қаласаңыздар, бірінші аналарға білім беріңдер» деген екен. Ал қазіргі заманда білім өмірлік тәжірибемен, қоғамдағы белсенділікпен де келетінін ескерсек, ешкімнің қоғам дамуынан қалыс қалуына болмайды. М.Әуезовтің «ұлт болам десең бесігіңді түзе» дегені де, сол бесікті тербететін әйелдер рөлімен тікелей байланысты. Ендеше, қай қоғамда да әйелдің арқалаған жүгі жеңіл емес. Бұл тұрғыда әйелдер іскерлігін ілгерілетудің, ханымдарды кәсіпкерлікке бейімдеудің жөні бөлек екені рас.
Форум барысында белсенді жандар мен іскер әйелдер марапатталып, арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Жалпы ұлылардың ұлағаты, тағылымды өсиеттерінен ана – қоғамды қозғаушы күші, бірлік-тірлік негізі, ел бейнесін айқындайтын өмір айнасы, ел тұтқасы екендігін тереңірек ұғынамыз. Әйел-ананың бейнесі қандай болса, сол елдің бейнесі, салт-дәстүрі сонымен өлшенеді. Әйел бір қолымен бесікті тербесе бір қолымен әлемді тербеп, қоғамда алатын орны ерекше.

Пікір жазу