Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ТҮПКІ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ТҮПКІ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам ауданы, Ақсукент-2 ауылына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубында, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері С.Сағындықов, А.Исаков және Ұ.Оразбаева ауыл тұрғындарымен және музей ұжымымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын басты бағыттарын түсіндіру.
Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.
Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.
Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.
Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн.
Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет,-деп келтірді ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі А.Исаков.
Одан кейінгі мәселеде штаб мүшелері, N 93 Абылай хан атындағы ЖОМ-ң қыс мерзімге жылыту қазандықтары, одан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы жәшіктері, құжаттары, мектеп асханасы және мектеп қабырғасында ілініп тұратын тақтайшаларымен танысып шықты. Аталған білім мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық құжаттары, тақтайшалары бар, және қыс мерзіміне жылыту қазандықтары дайын. БАҚ өкілдері «Елнұр тv» және Түркістан облыстық «Жанубий Қазақстан» қоғамдық-саяси редакциясының тілшілері қатысты.

Пікір жазу