Бүгін Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің 6 айы көлемінде атқарған жедел – қызметтік жұмыстарының қорытындысы және халыққа есеп беру жиналысы болып өтті. Жиынға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, Шымкент қаласы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Абдуллаев, Әл-Фараби полиция бөлімінің жеке құрамы мен қоғам белсенділері, сондай –ақ жергілікті тұрғындар қатысты. 2018 жылдың 6 айы көлемінде Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында орын алған құқықбұзушылықтар ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
Суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтаңыздар!
Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Айта кетсек, мезгілсіз уақытта және судың салқындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағанан да қайғылы жағдайларға ұшырауда. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда. Ал, өзен жағалауларында тазалықты сақтау да маңызды. Кілем мен ...
Толығырақ »«Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі оң нәтиже беруде
Шымкенттегі 128 мектептің барлығында «Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде қаладағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды. Мобильді қосымшаны енгізу «мектеп – ата-ана – оқушы» байланысын түзіп, ата-аналардың бақылауын күшейтуге, олардың сабақ процесіне белсене араласуына мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде оқушылардың мектепке себепсіз келмеуі мен сабаққа себепсіз қатыспауы 10 есе азайды,балалар арасындағы құқық бұзушылық 75%-ға, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық ...
Толығырақ »Жас генийлер жарысы
«Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан» атты менталды арифметика бойынша жазғы турнир өтті. Аталмыш шараны «Юсимас-Қазақстан» және «Алиар-Юсимас» Халықаралық интелектуалды даму академиясы ұйымдастырған болатын. Іс-шара елордамыз Астананың 20-жылдығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына арналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сайысқа екі жүзге жуық жүйрік оқушы қатысып, үш күнге жоспарланған шарада жас генийлер жылдамдық есебінде емтихан тапсырады. Шымкентте өтіп ...
Толығырақ »Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасы жұмыс істейді
Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген. Бұл өңірдің белсенді пайдаланушыларының 6,8 пайызын құрайды. Жалпы көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШТІ
Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады. Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов пен қала әкімі Ә.Өсербаев қатысты. Салтанатты жиналысты ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА КӨШЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК
Кеше Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың қызметкерлерімен кездесті. Жиында әкім Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісіп, көшіп баратын қызметкерлерге заң талаптары шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың түрлеріне түсіндірме беріп өтті. Әкімнің айтуынша, Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылып, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы ...
Толығырақ »Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда
Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы брифинг өткізілді. Брифингте облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Қазіргі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша 46 жоба, 168 ...
Толығырақ »Шымкентте қысқа дайындық қарқынды
Шымкент қаласында көп қабатты 339 үй жылу маусымына дайын. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлім етті. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, 40% -ы жылумен қамтамасыз етуге дайын. Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Коммуналды шаруашылық саласының мамандары жұмыстың ...
Толығырақ »ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨМІРДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Түркістан облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараевтың мәлімдеуінше, облыс бойынша 456639 бала саны мен 901 жалпы білім беру мектептері бар. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 901 жалпы білім беру мектептерінде «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беру бағдарламалары бойынша бастауыш, орта негізгі, жалпы орта білім беру мекемелерінде құжаттар өткізу және қабылдау» қызметін автоматтандыру енгізілетін болады. Сондай-ақ, ...
Толығырақ »БАСПАНА КЕРЕК БОЛСА…
Құрметті Шымкент қаласы тұрғындары! Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы Əкімшілігінің халықтық кеңсесі «фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Бұл жерде, Сіз мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз! Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып ...
Толығырақ »БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ СУРЕТШІЛЕРІ БІРІГІҢДЕР!
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және облыстық Бейнелеу өнері музейінің қолдауымен, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аймағында «КАSKASU» халықаралық суретшілерінің плэнері басталды. 5 күндік іс-шара барысында 6 елден келген 26-ға тарта қылқалам шеберлері 100 өнер туындысын жасап шығарады деп күтілуде. Плэнерге Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбе кстан, Әзірбайжан және Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ДЕМАЛЫС ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Түркістан облысында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен 905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда. Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларының түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек. Бұл туралы Түркістан облыстық баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі таңда 4 ауысыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Ал ...
Толығырақ »Қалада балабақшаға қабылдау жүйесі жаңартылды
Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі толық автоматтандырылды. Бұдан былай қала аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады. Бұл жүйе балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде әр баланың электронды төлқұжаты қалыптасады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйені сынақтан өткізу нәтижесінде балабақша кезегінде тұрған 3-6 жасар сәбилердің қатары 2,5 есеге — 46 мыңнан 18 мыңға дейін азайды. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту енді автоматты түрде, онлайн-режимде атқарылады. Бұл өз ...
Толығырақ »ДҰРЫС ТАҢДАУ
Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды. Жиында Мәулен ...
Толығырақ »МУЗЕЙ ТАРИХЫНАН КӨРМЕ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Архив музей хақында» тұрақты көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты — музей архивінде сақтаулы құжаттар мен фотосуреттерді жұртшылыққа насихаттау, әрбір құжат тарихынан ақпарат беру. Шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мен Ясауидің тарихын зерттеуші, шежіреші түркиялық қонақтар мен қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. ...
Толығырақ »ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖОЛЫМЕН…
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Кітапхана – Заманауи Білім орталығы» жобасы аясында Шымкент қаласындағы Күлия Айдарбекова басқарып отырған «Отырар» өңірлік әмбебап ғылыми кітапханасында «коворкинг» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, оқырмандарды орталықтың ашылуымен құттықтап, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысып, бірлесе жұмыс жасай алатындары туралы айтып өтті. Соңғы технологиямен жабдықталған орталықта ...
Толығырақ »«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының үшінші кезеңі өтуде. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық экспедициясы эстафетасын Жамбыл облысынан Түркістан облысына қабылдап алу рәсімі өтті. Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, ...
Толығырақ »«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды
Бүгін Шымкентке «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев іс-сапармен келді. Мәулен Сағатханұлы алдымен «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг орталығына барды. Одан кейін Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған №37 «Айгерім» балабақшасының жұмысымен танысты. Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясына арнайы қатысты. Конференцияда ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕ АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» ...
Толығырақ »ТЫНЫШБАЕВ САЛДЫРҒАН ТУННЕЛЬГЕ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Түркістан облысында М.Тынышпаев салдырған туннельге тақта оннатылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылының тұсында 1 ғасырдан аса тарихы бар теміржол туннелі бар. Онда көрнекті Алаш қайраткері, тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың қолтаңбасы қалған. Деректерге сүйенсек, Мұхамеджан Тынышбаев 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда туннельді салуға өлшеусіз үлес қосқан. Алаш қайраткерінің басшылығымен Ресейдің теміржол құрылысшылары ...
Толығырақ »ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ
Түркістан қаласының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Серт ауылында орын тепкен Үкаша ата кесенесі мен құдығы исі мұсылман баласына түрлі аңыз-әңгімелер мен қасиеті арқылы мәлім. Жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғайып келеді. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де ынталы. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ...
Толығырақ »СОЛТҮСТІКТІ ТАҢДАЙТЫН ТҮЛЕКТЕРГЕ 6 МЫҢДАЙ ГРАНТ БӨЛІНДІ
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін») атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында – 6490, колледждерде – 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан ...
Толығырақ »Түркістан облысында Аумақтық қорғаныстың арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті
Түркістан облысының орталығындағы 74884 әскери бөлімінің оқу полигонының базасында аумақтық қорғаныс бөлімшесінің жергілікті әкімдіктің, ұйымдардың, қызметтік мекемелердің қатысуымен сапалы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мақсатында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Далалық лагерде өткен арнайы-тактикалық оқу жаттығуына Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Аумақтық қорғаныс Бас басқармасының әскерилері жетекшілік етті. Бұл шараның өтуіне Түркістан облыстық ішкі істер басқармасының арнайы тобы, «Күзет» мамандандырылған күзет қызметі, жергілікті полиция ...
Толығырақ »ШАРДАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ
Өңіріміз жоғары туристік потенциалға ие. Сол мүмкіндікті пайдалана алмай келеміз. Осы саланы көтеру мақсатында тиісті нақты шараларды қолға алуымыз керек. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм саласының өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді. Басқосуға облыстық басқарма басшылары, туристік агенттік пен тарихи, мәдени орталық жетекшілері және қолөнер шеберлері қатысып, аталған саланы дамыту жайында ұсыныс пікірлерін білдірді. Жиынға төрағалық еткен аймақ ...
Толығырақ »