Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Таным (страница 4)

Таным

ТАШКЕНТТЕ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІК ОРНАЙДЫ

Генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші бұрынғы орнына қайтарылатын болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавқат Мирзияев мәлімдеді. 2011 жылдың қысында Гафур Гулямның саябағына орнын ауыстырған ескерткіштің қайта орнына оралуы – тарихи әділеттіктің орнауы деді көрші мемлекет басшысы. «Бұл істі 9-мамырға дейін аяқтасақ, жөн болар еді», – деді ол. Ескерткіш 1981 жылы Сабыр Рахимов ауданы хокимиятының алдында ашылған болатын. 2010 жылы бұл ...

Толығырақ »

STREET WORKOUT KZ ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАҒАН МУЗЕЙ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен өтіп жатқан Street workout KZ бойынша эстафетаны қабылдап, қасиетті жұмадағы жұмыс күнін салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнап, бастамаға үн қосты. Бастаманың басты мақсаты – Қазақстандағы бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Street Workout – бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі. Арнайы техниканы талап етпейді: ...

Толығырақ »

ТІРКЕУСІЗ ТҰРУ ТОҚТАСЫН!

24 сәуірде «Қауіпсіз аула» және «Көрші назары» жобалары аясында Шымкентте «Тіркеу» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алады. Полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды. Сондықтан құжаттарыңызды тексеріп, тұрғылықты мекенжайларыңыз бойынша тіркеліп үлгеріңіздер. Қолға алған осы жедел профилактикалық іс-шара 28 сәуірге дейін созылатынын естеріңізге саламыз. PS. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінен: 492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру ...

Толығырақ »

ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ

Шымкентте туризм кластерін дамыту жайы талқыланды. Өткен жылдың өткен 10 айында Шымкент қаласына ел аумағынан, сондай-ақ, шет елдерден 18 мыңнан астам адам демалуға келіпті. Мамандар өз кезегінде, бұл көрсеткіш әлі де болса өз межесінен төмен екендігін айтады. Яғни, Шымкент қаласы әлі күнге туристік бағытты жандандыруда  тиісті рөлге ие бола алмай келеді. «Шымкент» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық ...

Толығырақ »

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ

«Tие Жиан» «CRCC» компаниясы «Шымкент Сити» жобасына қызығушылық танытты. «Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына ҚХР «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда. Шымкент қаласы әкімдігінде өткен кездесуде ҚХР «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді. Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-офис орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап ...

Толығырақ »

ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи  фронт-офисте жұмыс істей бастады. Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе,  Әл-Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет ...

Толығырақ »

КЕШЕ – «КӨНЕ», ЕРТЕҢ – ЖАҢА!..

Шымкенттің ескі қалашығы жаңару дəуіріне қадам баспақ. Қалалық әкімдік көне қалашықтың орнын сақтап қалуды ғана емес, қайта жаңартуды көздейді. Бұл туралы Шымкенттің бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев мәлімдеді. Шаһар әкімдігінің көне қалашыққа қатысты жасаған арнайы жоспары бар. Жуырда қала әкімі бастаған топ Шымкенттің ескі бөлігін аралап шықты. – Жұмысшы топ Цитадельде болдық, Қошқар ата өзені бойымен Жангелдин көшесіне дейін жүріп шықтық, ...

Толығырақ »

ИНВЕСТОРЛАР ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ

Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті. Кездесуде шаһардың инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, үшінші қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы заманауи жобалар таныстырылды. Бір қуанарлығы, Елбасы Н.Назарбаев Шымкентке келген сайын қаланың шырайланып келе жатқанын, көркем көрінісін әрқашан назарынан тыс қалдырмайтындығын үнемі айтып келеді. Елбасы тапсырмасына орай Шымкент болашақта өзгеше бағытпен дамып, қала ...

Толығырақ »

КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 02

Біз барғанда, төбенің басында он шақты адам қызу жұмыс үстінде екен. Мұнда Ә.Марғұлан атындағы археология институтының және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми қызметкерлері 1 қыркүйектен бері қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Бірі топырақ бетін жәймендеп аршып жатса, енді бірі қазылған топырақты арбамен әрірек апарып, төгіп жатыр. Ал әнебір жерде шағын үстел, орындыққа жайғасқан бір үлкен кісі қағаз бетіне бірнәрсе түсіріп отыр. Екінші ...

Толығырақ »

КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 01

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шыққанына жарты жылдан асса, осы алты айдың ішінде елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Көптеген тың бастамалар, ұлағатты істер Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Облыс орталығы Шымкент қаласының күніне орай шаһарда күн сайын маңызды жиындар, қызықты шаралар өтуде. Солардың бірі, бірегей археологиялық нысан «Шымкент» көне қалашығында қарқын алған қазба жұмыстары. Біз сол ...

Толығырақ »

«KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ – ШЫМКЕНТТЕ!

Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігінің жұмыс істей бастағанына бір жылға жуықтады. Өткен жылдың маусымында Шымкент шаһарында ашылған өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда да бірқатар шетел компанияларымен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ!

Еліміздің Оңтүстігінде орналасқан шуақты шаһар Шымкентіміз инвесторлар үшін ең тиімді қала десек, қателесе қоймаймыз. Өйткені, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құйған кәсіпкерлер еш ұтылмайтыны айдан анық белгілі болып тұр. Неге дейсіздер ғой? Бұның онан астам себебі бар: Үшінші мегаполис атанып келе жатқан Шымкенттің бүгінгі таңда бір миллионға жуық тұрғыны бар. Шымкент орталығы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында 3 миллион тұрғын тұрады. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ «АШЫҚ АСПАН» – АДАМЗАТҚА ҒАШЫҚ АСПАН!

Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын атап өту бағдарламасы ерекше іс-шарамен есте қалды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ashyq Aspan»халықаралық әуе шарлары фестиваліне Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің үздік әуеде бағыттаушы мамандары жиналды. Қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен өткен алғашқы іс-шара елімізде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Әуе шарлары фестивалінің бастамасы ретінде есте қалған мұндай халықаралық жарқын іс-шара әлемнің АҚШ, Түркия, Ұлыбритания мен ...

Толығырақ »

ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 03

Жалпы, Оңтүстік туризмі Шымкенттен басталады. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар шаһардан бастау алады. Қалада мамандандырылған 20 арнайы фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысады. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға барып, аң-құс, балық аулау, тау туризмі және мәдени-архитектуралық ескерткіштерді таныстыру секілді салаларды қамтиды. Шымкентке жақын аймақта орналасқан, табиғаты ғажайып Ақмешіт, Біркөлік ...

Толығырақ »

ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 02

  Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен әрі теңдесі жоқ дендросаябақ бар. 1979 жылы іргесі қаланған саябақта бүгінде 600-ге жуық өсімдік түрі өседі және шағын көлінде аққу, қаздар жүзіп жүреді. Туристерді бұдан кейін зообақ күтеді. Онда мыңдаған аң-құс тіршілік етеді. Қала аумағында саяхат жасап жүрген меймандар бір сәтке жаңа «Жайлаукөл» демалыс саябағына аялдай алады. Осында орналасқан Орталық Азиядағы ең биік «Altyn eye» ...

Толығырақ »

ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 01

Туризм әлемдік экономиканың ажырамас бөлігіне айналғаны қашан. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметіне сүйенсек, қазіргі әлемдік туризм өнеркәсібінен түскен табыс мұнай экспорты мен мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейінгі 3-орында тұр екен. Бұл саланы дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын көптеп ашып, ұлттық табысын молайтып отырған елдер көп. Осы орайда елімізде, оның ішінде Оңтүстікте де қарқынды дамып отыр деп айта алмаймыз. Десек те, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМ АСТАНАСЫ?!

Несі бар, туризм астанасына айналатындай шырайлы Шымқаламыздың толық мүмкіндігі жетерлік. Осындағы әлеуметтік нысандар мен демалыс орындары, қасиетті орындар мен киелі мекендер, әулиелі жерлер мен көненің көзіндей болып қалған тарихи құнды жәдігерлер – миллиондаған саяхатшылардың назарын күншуақта орын тепкен үшінші мегаполиске еріксіз аударуда. Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің туризм секторы Шымшаһарымызда туризмді дамытуға арналған көптеген игі шараларды ұйымдастыруы да жайдан жай емес шығар. «Шымкентте туризмді дамыту үшін ...

Толығырақ »

БҮГІННІҢ БАҺАДҮРІ, БӘРІМІЗДІҢ БАУЫРЫМЫЗ БАҚТИЯР

Ұлт газеті «Егемен Қазақстанның» Оңтүстік Қазақстан облысындағы өз тілшісі Бақтияр Тайжан ротация тәртібімен еліміздің бас басылымының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметіне кірісті. Әріптес-бауырымызға жаңа жұмысында сәттілік тілей отырып, ол жөнінде ой толғамай кету мүмкін емес сияқты. Елімізге танымал журналист, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тізгінін ұзақ жыл берік ұстаған басшы, қаламымен қарымды мәселе қозғап, қарапайым тұрғын сөзін сөйлеген, талай спорттық доданы оқырманға дер кезінде дәл ...

Толығырақ »

ЕСЛИ БЫ ВТОРАЯ МИРОВАЯ БЫЛА БЫ ДРАКОЙ В БАРЕ…

Германия, Италия и Япония сидят в баре. Германия вдруг встает и начинает хрустеть суставами и разминаться. Германия: А что за дверью «посторонним вход воспрещен»? пойду загляну туда. Великобритания: Давай, не возражаю. Австрия, глядя на это, передает все свое пиво Германии и уходит из бара. Германия, удовлетворив свое любопытство: Чехословакия, а у тебя в стакане пиво вкусное? Я отхлебну? Чехословакия: эээ… ...

Толығырақ »

ҚОБЫЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақ халқының ежелден келе жатқан көне аспаптарының бірі қобыз екендігі белгілі. Оның таңқаларлық пішіндегі ғажайып сазы кім-кімді де бей-жай қалдырамасы анық. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың атымен тікелей байланысты. Қобыз жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып жасалатын болған. Құрылымы қауыз тәрізді. Қобыздың басы, екі құлағы, иілген мойны, төмен жағында терімен ...

Толығырақ »

КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ ҚАСИЕТТІ ОТЫРАРДА

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Отырар ауданында жалғасты. Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен өңіріміздің аудан, қалаларында Оңтүстікте түсірілген  көркем және анимациялық фильмдер апталығымен жүзеге асуда. Салтанатты ашылумен Қазығұрт ауданында шымылдығын түрген кино ...

Толығырақ »

ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ ҚАРУЫ

Түркістан қаласы – қазақ халқының басына күн туған «тар жол тайғақ кешулерде» қаншама нәубеттер мен жанкешті жаугершіліктерді, жан пида жорықтарды басынан кешкен, қасиетті бабаларымыз бас қосып келелі кеңестер өткізген, тарихи орын. Қазақ тарихындағы хандар мен батырлардың, билер мен датқалардың, елім деп еңіреген ерлердің ішінде Түркістан қаласына ат басын тіремей кеткендері кемде-кем. Қайсар жүрек  Қабанбай батырдың да табаны тиген өлкеде оның ...

Толығырақ »

«ОТЫРАРДЫ ҚОРҒАУ» ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДАН СЫР ШЕРТЕДІ

Көне Отырар қалай күйреді? Оған шабуыл жасаған кім еді? Отырар кітапханасының ізі қайда жатыр? Отырарды қорғаған қаһармандарымыз туралы не білеміз? Олардан қалған ұрпақ бар ма? Көне заман тұңғиығынан бізге осы сауалдардың жауабы жетті ме? Әлде сол күйі тарих қойнауында қалып кетті ме екен? Бәлкім, әлемдегі көптеген мұрағаттары көне Отырардың тағдырына байланысты құнды жәдігерлерді сақтап қалды ма екен?.. Қалай болғанда да, Шымкенттегі ...

Толығырақ »

СУРЕТШІ БЕКЕНОВТІҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,  Əлем халықтар өнері қауымдастығына еңбек сіңірген суретші Мұхтар Бекеновтің «АRT QUEST» жеке сурет көрмесі ашылды. М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №8 оқу ғимаратында шымылдығы түрілген шығармашылық туындылар топтамасы көрмесінің ашылуына ОҚО Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі, облыстық Мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының басшылары мен қызметкерлері,  республикалық, халықаралық сурет, кескіндеме саласында танымал қылқалам иелері жəне аталған оқу ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ БІЛСІН!..

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, «2018 жылғы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлерінің 2050 жылғы әріптестеріне жазған «аманат хат» капсуласын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді. Капсуланы орнату рәсімі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласына 20 жыл толуына орай, сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай қолға алынған. ...

Толығырақ »