«Tие Жиан» «CRCC» компаниясы «Шымкент Сити» жобасына қызығушылық танытты. «Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына ҚХР «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда. Шымкент қаласы әкімдігінде өткен кездесуде ҚХР «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді.
Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-офис орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап өтті. Қос тараптың өзара пікірлесуінде компания өкілі Ся Цзямин Шымкент қаласында бой көтеретін болашақ жобаның ауқымдылығына тоқталып, ірі кешеннің құрылыс жұмыстарына «Tие Жиан» компаниясы тарапынан қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
«Tие Жиан» компаниясы әлемдегі жол құрылысы саласындағы кәсіпорындар ішінде үздік үштікте және әлемдегі 500 бренд арасында 79 орынға тұрақтаған ең қуатты, ірі кешенді құрылыс тобы. Сонымен қатар, «Tие Жиан» «CRCC» компаниясы Қытайдың шетелдерге инвестиция салумен айналысатын бірден-бір қуатты құрылыс кәсіпорыны болып табылады.