Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ!

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ!

Еліміздің Оңтүстігінде орналасқан шуақты шаһар Шымкентіміз инвесторлар үшін ең тиімді қала десек, қателесе қоймаймыз. Өйткені, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құйған кәсіпкерлер еш ұтылмайтыны айдан анық белгілі болып тұр. Неге дейсіздер ғой? Бұның онан астам себебі бар:

  1. Үшінші мегаполис атанып келе жатқан Шымкенттің бүгінгі таңда бір миллионға жуық тұрғыны бар.
  2. Шымкент орталығы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында 3 миллион тұрғын тұрады.
  3. Өңірімізбен шекаралас жерлерде 10 миллионнан астам адам бар.
  4. 1500 шақырым ара қашықтықта Орталық Азия елдеріні 7 астанасы орналасқан.
  5. Бүкіл әлемдегі тоғыз жолдың торабы мен Ұлы Жібек жолы да біздің өңірімізді айналып өтпейді.
  6. Еліміздегі ең төмен бағалар да осы Шымкентте.
  7. Еліміздің жалғыз Өңірлік инвестициялық орталығы да Шымкентте орналасқан және осы жерде қарқынды жұмыс істеп келе жатыр.
  8. Шымкент – Қазақстанның ең жылы және шуақты қаласы.
  9. Қазақстан жылыжайларының 90 пайызы еліміздің Оңтүстігінде орналасқан.
  10. Шымкент – 700 тарихи және киелі жерлердің мекені.
  11. Шымкент – ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы.

Өз тілшімізден

Пікір жазу