Мемлекет сыйақысы – бұл тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта — ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат, яғни мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі. Аталған қаражат әр жылдың басында бірден барлық депозиттерге бір рет аударылады. Биылғы жылдың соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, яки 505.000 ...
Толығырақ »Қала тынысы
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін
«Нұрлы жер бағдарламасының шарттары бойынша келесідей талаптарға сай келген азаматтар мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйге қандай азаматтар үміткер атана алады? Бұл туралы банк қызметкерлерімен бірге аталған тұрғын үйлерге баспасөз турына қатысқан didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жазады. Аталған бағдарлама аясында тұрғын үйге төмендегі азаматтар үміткер атана алады: Қазақстан Републикасының азаматтығы немесе оралман статусы бар; Қазақстан Републикасы аумағында меншік құқығында тұрғын үйі ...
Толығырақ »Шымкентте 224 пәтерлік 4 үй қолданысқа беріледі
Шымкент қаласында ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары үшін салынып жатқан тұрғын үйлер үстіміздегі жылдың 30 қарашасында қолданысқа беріле бастайды. Бұл туралы банк қызметкерлерімен бірге аталған тұрғын үйлерге баспасөз турына қатысқан didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жазады. Алғашқы 224 пәтердің сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінішті осы жылы 03 қарашаға дейін өтінім беруге болады. Қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бірден 4 тұрғын ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары 224 отбасы Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚОНЫС ТОЙ ТОЙЛАМАҚ!
Шымкент қаласындағы ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары 224 отбасы Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚОНЫС ТОЙ ТОЙЛАМАҚ! Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз турында мәлім болды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтермек. Жалпы 13мың 879,2 шаршы метр қолжетімді баспана салынды. Жаңа үйлер қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығы «Нұрсəт» шағын ауданында орналасқан. Мұндағы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 205 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
«Өз үйім»бағдарламасы аясында Шымкентте ТҮҚЖБ салымшылары үшін 205 пәтер қолданысқа берілмек. ТҮҚЖБ өз салымшыларына баспана сатып алу үшін 3,5% жылдық мөлшерлеме бойынша қарыз беруге дайын. Ол үшін есеп шотыңызда бастапқы жарнаның кем дегенде 50%-ы болуы тиіс. Тұрғын үйді «Бақыт» жəне «Премьера» ТК-нен алуға болады. Кешен қала орталығы Бəйтереков көшесі, «Нұрсəт» мөлтекауданы мен «Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» мөлтек ауданы, Майтөбе ...
Толығырақ »Шымкент қаласының бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті.
Шымкент қаласының бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов қаламызда Кенесары Қасымұлын еске алуға арналған бокстан 2006-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық турнирге барып, департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі. Жыл басынан департамент №4 балалар ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДА ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ
Шымкент қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы тұрғын үй тұрғындарымен алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді. Үйдің тұрғындарында өртті болдырмау бойынша үлкен жауапкершілік жатыр, өйткені барлығы олардың ұқыптылығына байланысты, мысалы өшірілмеген шылым немесе пештерде қараусыз қалдырылған ас барлығына ауыр салдар алып келетін тұрғын үйдегі үлкен өрттің орын алуына себеп болуы мүмкін. Сондықтанда төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨРТ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ
Әрбір адам экстремальді жағдайда өзін қалай ұстау қажет екенін, көмек көрсете алуды білу керек және бұл дағдылар бала жаста жақсы меңгеріледі. Сондықтан да Қызметтің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Горький атындағы мектепке барды. Олар балаларға отты абайсыз қолданудың салдарынан орын алуы мүмкін қауіп туралы, өрт болған кезде өзін қалай дұрыс ұстау қажеттігін айтып берді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірін ескертті. Сонымен қатар көптеген ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДЕН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА
Шымкент қаласында «100 жаңа есім» жобасына үміткерлерден қтінім қабылдануда, деп хабарлайды қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Қ.Нұрғабылдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бүгін Mega Planet ойын-сауық орталығында «100 жаңа есім» жобасы жайында жастарға түсіндіріліп, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері үміткерлерді тіркеуде. Жобаға 18 бен 39 жас аралығындағы ғылым, қоғам, мәдениет, медицина, бизнес, спорт салаларындағы өзгелерге үлгі болатын, ...
Толығырақ »ЖӘРМЕҢКЕ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Бүгін, сенбі күні, әдеттегідей Шымкентте Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілерімен қатар Түркістан облысының Созақ және Шардара аудандарының тауар өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. 48-ден астам тауар өндіруші жалпы құны 110 млн теңгені құрайтын 65 тонна өнімді қала тұрғындарына ұсынып отыр. Аталмыш өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға дейін арзан саудаланды. Теріскей мен Шардарадан ...
Толығырақ »ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕКТЕПТЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласындағы № 7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайдың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша №126 мектепте өрт-тактикалық сабағын өткізді.Сабақтың тактикалық тұрғысынан бастауыш оқу бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан өрт орын алады. Өрттің көрші бөлмелерге тарап кету қауіпі туындады. Дыбыстық құлақтандыру жүйесі іске қосылғаннан соң оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары басталды, алайда мектептің 2 ...
Толығырақ »Танымдық әңгіме өткізілді
№3 қалалық емханада өткен жоспарлы тексеру барысында Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмыс орнында және үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ете білу тақырыбында әңгіме өткізді. Емхана қызметкерлері өрттің негізгі себептерімен, өртті байқаған кездегі іс-әрекеттерімен және өрт күзетін шақыру тәртібімен танысты. Әңгіме тіршілік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, халық арасында Тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін ...
Толығырақ »Шымкентте «Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы өтті
Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен №3 балалар эстетикалық саз мектебінде «Болашаққа бағдар Руxани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай, қалалық қосымша білім беру мектептерінің Дәстүрлі ән » Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы болып өтті. Байқауға қаладағы әр мектептен, оқушылар сарайынан, «Қарақат» мектеп студиосынан он беске тарта оқушылар қатысып, бақ сынасты. Шымкент саз колледж ...
Толығырақ »ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді. Атап айтқанда, қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірқатары жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, жеке кәсіпті ...
Толығырақ »Е.АЙТАХАНОВ БАС КОНСУЛДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Суды қабылдады. Кездесуге Корея Республикасының бірнеше өкілі де қатысты. Басқосуда екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жайында сөз қозғалды. Оңтүстік Корея әлемде бірнеше сала бойынша көш бастап тұрғанын айтқан қала әкімі Шымкенттің бүгінде ерекше қарқында дамып жатқанын айтты. «Шымкент қаласы өткен жылы республикалық қала мәртебесін алды. ...
Толығырақ »1000-НАН АСТАМ НЫСАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Қызыл сызық» белгіленді, дегенмен, Шымкент қаласында осы тәртіпті ескермей құрылыс жүргізушілер азаймай тұр. Бүгін қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы талқыланды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Шымкенттегі жер беру, қала құрылысы, көркі және сәулеттендіру жұмыстарының барысы. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы ...
Толығырақ »Б.САПАРБАЕВ «АСАРЛЫҚТАРҒА» РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ
Шымкентке келген Қазақстан Республикасы вице — министрі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданының тыныс — тіршілігімен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Асар» тұрғындарының аулаларындағы жылыжайларына кіріп, өсіріп отырған өнімдерін өз көзімен көрді. Сондай-ақ, Б.Сапарбаев аталмыш шағын аудандағы 1200 орынды №89 мектеп-лицейіне арнайы ат басын ...
Толығырақ »Б.САПАРБАЕВ: «БҮГІНГІ ҚОҒАМ БІЛІМДІ ТАЛАП ЕТЕДІ»
Бердібек Сапарбаев шымкенттік жастармен кездесті. Кездесу М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтті. Бердібек Мәшбекұлымен сұхбаттасуға қаланың жас белсенділері, ғалымдары, кәсіпкерлері және спортшылары келді. Сондай-ақ, кездесуге Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты. Студенттер білім, спорт, жастарды қолдау жөнінде мемлекеттік саясат туралы сұрақтар қойды. «Бәсекелестік орта, әсіресе, жастарда болу керек. Биыл жастар жылы. Одан ...
Толығырақ »АБАЙ ОПЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ
Облыстық опера және балет театрында «Абай» операсы сахналанды. Ауқымы кең спектакль ақынның 175 жылдық мерейтойына арналды. Шығармада ұлы ойшылдың өмір сүрген заманы мен ондағы қоғамдық бейнесі көрініс табады. Театр әртістері осылайша өнер сүйер қауымға керемет туынды ұсынды, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Ұлы ақын Абайдың философиясы, оның поэзиясы, бастысы, ой-елегі мен бүгінгі қоғамды болжауы – мұның ...
Толығырақ »Шымкентте медицина мамандары медициналық сақтандыру бойынша біліктіліктерін арттыруда
Шымкентте медицина мамандары медициналық сақтандыру бойынша біліктіліктерін арттыруда, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл үшін бүгін 150 медицина маманының қатысуымен жаңа жүйені оқыту бойынша семинар басталды. Семинардың ашылуына Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев және МӘМС бойынша жаттықтырушы Гүлжан Тұрарқызы арнайы қатысты. Семинарға жалпы тәжірибе дәрігерлері, денсаулық сақтау менеджерлері және орта медициналық қызметкерлер ...
Толығырақ »БРИФИНГ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің жүргізген профилактика нәтижесінде 25 білім беру мекемесінде 166 заң бұзушылық анықталған. Оның 132-сі тікелей басшылық тарапынан, 34-і жоғары тұрған орган тарапынан орын алған. Бұл туралы қалалық білім саласын бақылау департаментінің басшысы баспасөз брифингінде айтты. Департаментке 2019 жылғы 9 ай ішінде заңды және жеке тұлғалардан 50 өтініш келіп түскен. Бір ғана әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 217 ...
Толығырақ »БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көптеген шаралар өткізілуде. Соның бірі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен кездесті. Кездесу – болашақ дәрігерлерге сыбайлас жемқорлықты қабылдамау бағытында бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында болды. Іс-шарада студенттерге парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылды. ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белгіленген Мемлекеттік 505 мың теңге грант иелері марапатталды. Бұл туралы Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақапараттық агенттігі хабарлайды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы арнайы құттықтады. Мемлекет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік — техникалық мамандарды ...
Толығырақ »Шымкентте полицейлер жоғалған сегіз жасар баланы тапты
Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ағымдағы жылдың 22 қазанында сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің кезекші 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері кешкі сағат 18:00-де бала аулаға шығып, үйіне оралмағанын анықтады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы баланы іздестіруге тартылды. Іздеушілерге көршілер ...
Толығырақ »ЕҢБЕК МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ БІРҚАТАР МЕКМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Іс-сапардың алғашқы қадамын «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің ашылу рәсімінен бастады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Айта кетейік, «Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — мемлекеттік мекеме) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз ...
Толығырақ »