Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 382 669 адамнан өтініш түскен.
Оның ішінде 202 857 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 144 850-інің өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 202 857 адамның ішінде 190 336 өтініштер бойынша, 12 521-і проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар), 152 805 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек берілген.
Айта кетсек, бұл әлеуметтік төлем мынадай себептермен кері қайтарылады немесе тағайындалмайды:
-Өтінім берушінің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген;
-Банк реквизиттері дұрыс көрсетілмеген;
-Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
-Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген;
-Өтінім берушіде ТЖ режимі енгізгенге дейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жасалмаған немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген;
-Өтінім қайтыс болған адамның немесе ҚР-дан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы