Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді. Станцияның жұмысымен таныстырған бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар. Қала әкімі ең ...
Толығырақ »Қала тынысы
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ГОСПИТАЛІНЕ БАРДЫ
Бүгінде Шымкент қаласындағы эпидахуалдың күрделі екені белгілі. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Ақжайық» шағынауданында орналасқан жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысы мен қызмет сапасын арнайы барып, тексеріп шықты. Инфекциялық орталықтың бас дәрігері Ережепов Бақтығалы түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы ...
Толығырақ »ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сауда-логистикалық орталығында орналасқан «Химфарм» АҚ-ның дәрілік қоймасы мен «НПО Зерде» ЖШС-нің жаңадан ашылған екінші дәріхана қоймасында болып, ондағы дәрі-дәрмектердің қажетті қорын бақылап шықты. Шаһар басшысы пандемияның өткен толқындар кезіндегі тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар дәрі-дәрмек қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Шаһар басшысы «НПО Зерде» және «Медсервис Плюс» ЖШС-нің көтерме қоймаларын тексеріп, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді. НПО «Зерде» ЖШС-нің №1 дәрілік қоймасы қалыпты жұмыс істеуде. Қойма басшылары дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырып жатқанын жеткізді. Қойманың ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен барлық қарулы күштердің басшылары біріктірілген жедел штаб күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Бүгінде Шымкент қаласындағы жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері әскери бөлімдердің күштерімен бірге қала аумағында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бүгінгі күнге дейін «коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 258 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала шекараларында қойылған 7 блокбекет жұмысын жалғастыруда, онда полицейлер мен әскерилер қызмет атқаруда. ...
Толығырақ »БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтырғы жылдың өзінде қала көшелеріне 3177 заманауи камера қойылды. Соның көмегімен мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздікті дер кезінде тоқтатуға, бүлікшілерге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын ...
Толығырақ »ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Қала әкімі дағдарыстық жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен қауіп толық сейілгенше мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті нысандардың күзетілуіне аса назар аудару керегін айтты. Қаланың Бас прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы қаладағы жағдайды, орын алған құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы баяндады. Коменданттық сағатты бұзғаны үшін 204 азамат ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДАХУАЛ КҮРДЕЛІ
Шымкентте 13 қаңтар күні 370 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 225, белгілері жоқ – 145). 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 194 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 209 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 72 төсек орын бар, 14 науқас ем қабылдауда. ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ «ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді. 2020 жылғы құрылған «Диспетчерлік қызмет орталығы» автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын реттеу және қадағалау, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және тасымалдау көліктерінің жұмыстары туралы мәліметтерді жинақтау және күнделікті талдау жүргізуді жүзеге асырады. Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесіне көшкен. Операторлар қоғамдық көліктерде орнатылған ...
Толығырақ »МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАДЫ
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның үшінші компонентін салдырды. Халық қалаулысы ревакцинацияны қалалық №5 емханада жасатты. Екпе алған соң көпшілікті денсаулығын күтуге шақырды. – Бүгін ревакцинацияға келдім. Бұған дейін «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін салдырған едім. Қазір «QazVac» екпесін алдым. Мамандардың да кеңесі сол – егер алдыңғы екпелер басқа вакцина болса, ревакцинацияны басқа препаратпен жасау керек. Жалпы, ...
Толығырақ »ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРҒАНМЕН БІРДЕЙ
Абдулхамид Қаттани мешітінде Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Абдрахманов дін қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, алдағы уақытта имамдар түгел ревакцинациядан өтетінін және барша шымкенттіктерді індет қатерінен қорғану үшін қосымша екпе алуға шақырды. — Шаһарда 88 мешіт бар, онда 259 имам діни қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мегаполистегі мешіттер бес уақыт намаз бен жұма намаздар үшін ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында жедел штаб отырысы өтті. Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады. Президентке Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны ...
Толығырақ »ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ
Шымкентте болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті. – Жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығына едәуір шығын келді. Тонаушылар ғимараттың кіреберісін толық бұзып, ...
Толығырақ »ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты. —Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, ...
Толығырақ »АРДАГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Елімізде орын алған қиын жағдайдан соң Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты жағдай қалыптасып келеді. Осы орайда Қаратау ауданының ардагерлер кеңесі мүшелері, белсенді ардагерлері аудан аумағындағы саябақтар мен алаңдарға «халық сақшысы» ретінде шығып, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ардагерлер жастарға халқымызды арандатуға және тұғырлы Тәуелсіздігімізге жасалған мұндай шабуыл кезеңінде біздің басты мақсатымыз – бірлік ...
Толығырақ »366 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін комменданттық сағат орнауда. Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға ...
Толығырақ »МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты қаладағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудандағы адамдар көп шоғырланатын базарларға мобильдік топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, азаматтарды ревакцинация алуға шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базардағы бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек екенін жеткізді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ
Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді. Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардың отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді. Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы ...
Толығырақ »12 ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АЛДЫ
Бұл туралы Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ мәлімдеді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жалпы 82 оқу орталығы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында 2480 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алса, кәсіпорындар мен қауымдастықтар жанындағы 12 оқу орталығы мемлекеттік тапсырыс алған. – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін оқу орталықтарының ...
Толығырақ »КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің коэффициенттері қайта қаралады. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру басталды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. – Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау бойынша мәселені пысықтайды, – деді министр Үкімет отырысында. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәдеге жарату ...
Толығырақ »БАЗАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов СЭС мамандарымен бірге қаланың бірқатар базарын аралап, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуге, ковид індетінің алдын алуға және елде орын алған ахуалға байланысты халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. – Елде болған күрделі жағдай экономикаға кері әсерін тигізді. Бірақ бұл азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне себеп болмау керек. Өйткені қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Екінші мәселе, ковид індеті жылдам таралып ...
Толығырақ »КҮРДЕЛІ НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК!
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан техникалық дайындық жұмыстарымен танысты. Қала әкімі АГРС-З — стратегиялық нысан болғандықтан іске қосу жұмысында қателікке жол берілмеуін ескертті. Сонымен бірге, газбен қамтудың қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы АГРС-3 нысанының газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүргізу барысында орнатылған құрал-жабдықтар ...
Толығырақ »БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ШАҚЫРДЫ
«Шымкент қаласында 2022 жылдың басынан бері коронавирус жұқтырған 933 науқас анықталды. Ал, осы мерзім ішінде 7 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша 221 жағдайы тіркелді. Ауруханадағы науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған азаматтар». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Шымкент қаласы 11 қаңтардан бастап эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймаққа өтті. ...
Толығырақ »«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ
Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарды «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады. ҚР Үкіметінің 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын «жастар практикасы» уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған. Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде (2020-2022 ...
Толығырақ »ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС АТҚАРУДА
Шымкентте төтенше жағдай кезінде қала тазалығын сақтау және қоқыстан тазарту жұмыстары бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде онындалуда. Қаладағы тазалық мекемелері жұмыстарын кестеге сай атқаруда. Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелердің тазалығын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы қамтамасыз етуде. Бүгінде көшелерді сыпыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына 235 жұмысшы және 72 арнайы техника жұмылдырылған. Ал ішкі орамдық көшелер мен көпқабатты үй аулаларының тазалығын «Айдынбек» және «Нұреке ...
Толығырақ »