Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбековтың қабылдауында қала тұрғыны Б.Алтынбаева жол және ирригация мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Есімжан Баирбекұлы арнайы барып сала мамандарымен зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы аталған көшеге асфальт төсеу және ирригациялық лоток салу жұмыстары жоспарланғанын атап өтті.
© Didarbek.kz