Түркістан қаласының көшелерінде ағын су арналары салынуда. Шаhар басшысы Рашид Аюпов қаладағы біршама көшені аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Атап айтқанда, М. Әбенова, Тоған, Алшын көшелері мен Б. Саттарханов даңғылы бойындағы қызу жүріп жатқан істер барысын көрді. Түркістан қаласындағы бірегей жоба «Керуен сарай» кешені аумағы жасыл желекті, велосипедпен серуен құрып және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жарықшамдармен, орындықтар, қоқыс жәшігі, сондай-ақ, ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫП КЕТКЕН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына үндеуінде карантин режимі кезінде ел аумағында дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды анықтауды және дәріханалардағы баға тұрақтылығын жіті бақылауға алуды тікелей құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған болатын. Осыған орай, бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – ...
Толығырақ »ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс-сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Жамбыл ауылының тұрғыны «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Тынысбаев Нұржанға елді мекен шегінен жылыжай салу мақсатында 5 гектар жер берілген. Соның 3 гектарына жылыжай салу үшін ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 750 млн. ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ?
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында облыстағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және қоғамдық -саяси ахуалдың тұрақтылығы жөнінде жиын болып өтті. Шараға қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және облыстың аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты. Жиынның күн тәртібіне қоғамдық — саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру, «Рухани жаңғыру» ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПТР ТЕСТ ЖАСАЛҒАН
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және науқастарды емдеуге байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен өңірдегі 29 стационарлық, 44 амбулаториялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдары арасында ПТР тест жүргізуге келісімшарт жасалды. Биылғы жылдың қаңтар айында 35 мыңға жуық ПТР тест бойынша қызмет көрсетілген. Бұл жөнінде қордың Түркістан облысы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғалима Төреханова ...
Толығырақ »МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ОРЫНДАЛДЫ
Түркістан облысында Елбасы тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды. ҚР Тұңғыш Президенті Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыруды тапсырған болатын. Өткен жылғы жұмыс нәтижесі бойынша Түркістан облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортының көлемі 5 есе өсіп, 105,1 ...
Толығырақ »«NUR OTAN»: ЖОЛ КАРТАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кезең-кезеңімен жүйелі әрі уақтылы орындалады. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісінде айтылды. Жиында депутаттар Түркістан өңірінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын талқылады. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев аталған жол картасында аймақтағы ең өзекті мәселелер мен жоспарлар қамтылғанын ...
Толығырақ »ДӘРІГЕРЛЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
Түркістан облысында 2616 медициналық қызметкер кәсіби деңгейін көтерді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, олар отыз үш маман кайта даярлау, жеті реаниматолог, тоғыз жұқпалы аурулар және екі кардиология бойынша оқу курстарына қатысқан. Жалпы облыста 5300 дәрігер және 18600-ға жуық мейірбике бар. Өткен жылы Түркістан облысында 1300-дей маман COVID-19 инфекциясын емдеу бойынша дәріс алды. ...
Толығырақ »ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Көктемдегі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізудің шаруашалар үшін аса маңызды екені белгілі. Қазіргі күнде Түркістан облысы Сарығаш ауданында егін егу науқаны басталып та кетті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы. Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім ...
Толығырақ »КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ
Түркістан облысы Созақ ауданында күн сәулесінен қуат алатын алпыс сегіз құрылғы орнатылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн. теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн. теңгеден астам субсидия берілген. Одан бөлек, 68 ...
Толығырақ »500 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді. Оның ...
Толығырақ »АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өткен жылы жалпы құны 10,3 млрд. теңгеге 22 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, екі тұрғын үй мен бес білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ табиғи газбен қамту бойынша 3 нысан, электр қуатымен қамтуға қатысты екі нысан, алты ауыз сумен қамту нысандары, үш кәріз жүйесі бойынша нысандар және инженерлі комуникация нысандары салынуда. Биыл тағы 28 әлеуметтік нысанның құрылысын ...
Толығырақ »ВАКЦИНАДАН КЕЙІНГІ ИММУНИТЕТ 2 ЖЫЛҒА ДЕЙІН САҚТАЛАДЫ – ДӘРІГЕР
Түркістан облысында 1-15 ақпан аралығында 1110 медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды. Соңғы бір тәулік ішінде әңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,14% құрайды. Пандемия басталғалы бері өңірде 4215 жағдайы тіркелді. Оның 2704-сі симптомсыз болып, 1 672-і стационарлық ем қабылдады. Елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау 2021 жылғы 1 ақпаннан басталғаны белгілі. 11 ақпанға ...
Толығырақ »ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
Түркістан қаласының тұрғындары тазалық науқаны аясында ағаш егіп, көшені қоқыстан тазартуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіәне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бүгін Түркістан қаласы тұрғындарының қатысуымен жалпықалалық тазалық науқаны басталды. Шаhар тұрғындары қала тазалығы үшін бей-жай қарамады. Өз аумақтарын қоқыстан тазартып қана қоймай, ағаш егу жұмыстарын да бірлігін танытып атқарды. Тазалық науқаны аясында қалалық саябаққа (дендросаябақ) бүгін 124 қарағай ...
Толығырақ »ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Түркістандық оқушылар пәндік олимпиадада 220 оқушы жүлделі орындарға ие болды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан қаласы оқушылары арасында өткен пәндік олимпиада қорытындыланды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі білім бәйгесі төрт күнге созылған болатын. Бұл жол түркістандық оқушылар өздерінің алып жатқан білімдерін жан-жақты көрсетіп, жақсы көрсеткіш көрсете білді. Түркістан облысы «Адами әлеуетті дамыту басқармасы», «Дарын» ...
Толығырақ »ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Республика чемпиондары атанған түркістандық жас боксшыларға құрмет көрсетілді. 4 алтын, 4 күміс және 6 қола медальді қанжығаға байлаған боксшыларды облыс басшылығы қошемет көрсетті. Жас спортшылар Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов пен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевпен кездесті. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары спортшыларға қолдау көрсетіп, алдағы әлемдік додаларда жеңіс тұғырының биігінен көрінуді тіледі. ...
Толығырақ »ҚАРАПАЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕР ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ДЕГЕН СЕНІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 2015 жылғы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес елімізде жергілікті атқарушы органдарында Әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Түркістан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалған Мақсат Шамансұрұлы Исаев бүгін Отырар ауданына арнайы іссапармен келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Алдымен Шілік, ...
Толығырақ »АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ
Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтті. Дәурен Сәбитұлының мәлімдеуінше, өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 35 миллиард теңгеге жетіп, өсімі 42,8%-ды құрап отыр. 2019 жылы 24,5 миллиард теңге болған. Сондай-ақ, 2020 жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындары 33 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен ...
Толығырақ »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛМАҚ
Мақтаарал ауданын көрші елмен байланыстырып тұрған үш шекара өткізу бекеті жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария», «Целинный» шекара өткізу бекеттері арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері барыс-келіс жасауда. Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарындағы 4 ауданмен шектеседі. Осындай географиялық мүмкіндікті пайдаланып ауданда Өзбекстан Республикасымен сауда-саттықты дамыту үшін халықаралық сауда кешенін құру өте маңызды. Қазақстан ...
Толығырақ »ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан облысында биылғы жылы көктемгі уақытта орын алуы мүмкін төтенше жағдайлармен күреске жалпы 83 техника, 466 жеке құрам дайын. Аталған техникалар облыс басшылығына Отырар ауданында өткен оқу-жаттығу шарасында көрсетілді. Шара барысында мамандар 7 ауданның техникасының қазіргі жағдайы, олардың техникалық қабілеті туралы баяндап, халықты эвакуациялау жұмыстары мен малдарды көшіру жұмыстарын пысықтады. Бұдан бөлек, су тасқыны тәуекелінің алдын алу бойынша дайындық жұмыстары ...
Толығырақ »СУ АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ
Түркістан облысы Келес ауданында биыл жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ұзындығы 220 шақырым болатын каналдар мен қашыртқы арықтарда механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстар каналдардың арнасынан тасуының алдын алады. Су арналары қордаланған қоқыстан тазартылып, мың гектарға жуық жер қайта айналымға түсетін болса, 5 мың гектар жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарады. Келес ауданы аграрлық өңір болғандықтан тұрғындардың басым ...
Толығырақ »БІРЕГЕЙ АНТИКРИЗИСТІК КАРТА ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша Антикризистік карта жасалды. Бұл жоба республика бойынша алғаш рет Түркістан облысында жүзеге асуда. Облыс әкімдігі жанынан құрылған Ситуациялық орталық пен облыстық ТЖД бірлесе отырып жасаған картаға сәйкес, облыс аумағында 200-ден аса орын алуы ықтимал төтенше жағдай сипатталған. Антикризистік карта аясында мемлекеттік органдарға арнап жұмыс алгоритмі бекітілді. Аталған нұсқаулық облыстың барлық аудан, қала әкімдіктері ...
Толығырақ »ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛГЕН
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы 7 мыңға жуық азамат мүмкіндігі шектеулі жандар санатында. Былтыр мүгедектігі бар 500-ден астам азаматқа «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешеніне, «Асыл-Бұлақ» шипажайына, «Біркөлік», «Денсаулық» және «Таң-Нұры» санаторияларына денсаулығын түзетуге тегін жолдамалар берілген, , деп жазады облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. «Өзім I топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматпын. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы инватаксиді жиі ...
Толығырақ »ЖАҢА ДЕМАЛЫС КЕШЕНДЕРІ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында облыс әкімінің бастамасымен «Қасқасу туристік — рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған. Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың ...
Толығырақ »ЖЫР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Түркістан облысы Сайрам ауданында жас ақындардың шығармашылығын қолдау мақсатында «Жастар жырлайды» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп жазады DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Шараға аудан басшысы Ұласбек Сәдібеков арнайы қатысып, шайырлардың қуанышына ортақтасты. «Қоғамға қалтқысыз қызмет еткен Құрманбек Жандарбеков, Ошат Рахым, Ерсін Қойбағар, Тұрсынай Оразбаева сынды азаматтар ауданның тумасы екенін әрбір жас мақтан тұтуы керек. Бүгінде олардың ізін жалғап, туған жердің ...
Толығырақ »