Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтті. Дәурен Сәбитұлының мәлімдеуінше, өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 35 миллиард теңгеге жетіп, өсімі 42,8%-ды құрап отыр. 2019 жылы 24,5 миллиард теңге болған.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындары 33 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,5%-ды құрады. Айта кетейік, қалада өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындар есебінде.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 71,5 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106%-ды құрады. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы 48,8 миллиард теңге, мал шаруашылығы 22,7 миллиард теңге.
Сонымен қатар, білім беру саласына 2020 жылы 21,3 миллиард теңге қарастырылған. 6-18 жастағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға республикалық трансферттен 98,1 миллион теңге, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 11 сыныптарды оқулықтармен қамтамасыз етуге және әдеби кітаптарға 436,1 миллион теңге қаралып, оқулықтар алынған. Мектептен тыс іс-шараларға 1,4 миллион теңге, оқушыларды тасымалдауға 628 мың теңге, 162 балаға қамқоршы 115 азаматқа 47,6 миллион теңге қаралып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ай сайын 27780 теңгеден төленген.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссанди дің фоторепортажы.

Пікір жазу