Көктемдегі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізудің шаруашалар үшін аса маңызды екені белгілі. Қазіргі күнде Түркістан облысы Сарығаш ауданында егін егу науқаны басталып та кетті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы. Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га жерге қырыққабат және 130 га жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың га жерге күздік бидай себілді.
Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады.
@DIDARBEK.KZ