Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өткен жылы жалпы құны 10,3 млрд. теңгеге 22 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, екі тұрғын үй мен бес білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ табиғи газбен қамту бойынша 3 нысан, электр қуатымен қамтуға қатысты екі нысан, алты ауыз сумен қамту нысандары, үш кәріз жүйесі бойынша нысандар және инженерлі комуникация нысандары салынуда. Биыл тағы 28 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде өткен жылы 54% пайыз болса, биыл тағы 14 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, қамту үлесін 75%-ға жеткізу көзделуде. Ал, ауыз сумен қамту бүгінгі таңда 60% пайыз болса, биылғы жылдың соңына дейін тағы төрт елді мекенге таза ауыз құбырлары тартылып, қамту үлесі 66%-ға жеткізілмек.
Сонымен қатар, Сарыағаш топтасқан ауыз су жүйесі мекемесі өз тарапынан 39,2 млн. теңгеге үш нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп, 4,8 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Биыл үш нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құбырларды ауыстырып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Сапалы электр энергиясымен аудан халқының 98,6 пайызы қамтылған. Өткен жылы екі нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы толық аяқталатын болады. Соның ішінде, Жарты төбе а/о, Ынтымақ және Достық елді мекендердің электр қуатымен қамтамасыз етілмек.
Биыл сондай-ақ, үш елді мекеннің жарық беру құрылғылары жаңартылатын болады. Аудандық электр торабы мекемесі тарапынан өткен жылы 36 елді мекенде 50 шақырымға жуық электр сымдары және бағаналары жаңартылған болса, 15 дана қуатты трансформатор ауыстырылды. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып, 50 шақырымнан астам электр сымдары жаңартылып, 19 дана қуатты трансформаторды алмастыру жұмыстарын 34 елді мекенде жүргізу көзделіп отыр.
Жалпы ауданда былтыр 55 шақырымнан астатын 34 көшенің орташа жөндеу жұмыстары және бір жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 42 шақырымды құрайтын 27 көшенің құрылысына 882,5 млн. теңге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
@DIDARBEK.KZ