Шардаралық полицейлер көлікті заңсыз айдап кеткен күдіктіні, мас халде қолға түсірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өзгенің көлігін заңсыз айдап кету жайты Шардара ауданында орын алды. Бұл жолы Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша қала ішіндегі көшелердің бірінде орналасқан дүкенге өзіне қажетті заттар алу үшін тоқтап, «Ауди -100» маркалы автокөлігін есігі ашық күйде қалдырып кеткен, ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
СОРА ЕГУШІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы полицейлері сора егумен айналысқан кезекті күдіктіні анықтады Ордабасы АПБ-не аудан тұрғыны құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ордабасы АПБ-нің полиция қызметкерлері қарасора егумен айналысатын күдіктіні құрықтады. Жедел уәкілдер, күдіктінің Шұбарсу кентіндегі үйінің ауласын тінту кезінде өзіне тән айрықша иісі бар, есірткі затына ұқсас 20-дан астам түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптамаға ...
Толығырақ »ТҮЙЕ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ
Кентау қаласының полиция қызметкерлері түйе ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Кентау қаласының Полиция бөліміне қала жанындағы ауылдардың бірінен жергілікті тұрғын арызданып, мал ұрлығы болғанын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында белгісіз тұлғалар оның 6 түйесін (тайлақ) жайылымнан ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-1 бабы «мал ұрлығы» бойынша СДТТБТ-ға ...
Толығырақ »20 ТОННА БАЛЫҚ КЕЛДІ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 12 млн.тг көлеміндегі 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті. Ол Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен жүзеге асырылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атырау қалалық партия филиалына қарасты “Дамбы» бастауыш партия ұйымының «нұротандық» балықшылары жалпы жиналысында Мақтааралдың тұрғындарына балық жіберу ...
Толығырақ »ӨТЕМАҚЫ КАРТАЛАРЫ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ
Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін «Халық» банк карталары таратыла бастады. Осы мақсатта қазіргі таңда Мырзакенттегі «Гүлсара» тойханасы мен «Нұрбөбек» балабақшасында және А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде сондай-ақ, Атакент кентіндегі және тағы да басқа эвакуациялық пунктерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті. Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін ...
Толығырақ »16 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ
Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққандар арасында 3 жасар бала мен 84 жастағы қария да бар. Жазылған азаматтар Түркістан және Кентау қалаларының, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ. ...
Толығырақ »СЕЛ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеуде. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, ...
Толығырақ »ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Мұндағы мақсат – тасқын су шайып кеткен елдемекендерде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстары алдымен әжетханаларды дәрілеуден басталды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдан ...
Толығырақ »БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынады, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудандағы топан су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде мамандар 8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген. Сондай-ақ, көлшіктердегі балықтардың жарамдылығын тексеру үшін Шымкент қаласындағы сараптама орталығына 3 дана ...
Толығырақ »БІРГЕМІЗ, МАҚТААРАЛ!
2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» еріктілер штабы құрылды. Еріктілер штабына Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы директоры Амалбек Өміртай жетекшілік етеді. Штаб комиссиясы құрамына Мақтарал ауданы жастар ресурстық орталығы басшысы Сүндет Кенжебаев,«Jas ...
Толығырақ »ОРАМЖАПЫРАҚ БЕЛОРУССИЯҒА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды. Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып белорусь еліне жетеді. Ол ...
Толығырақ »КӨПІРЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек. Қазір көліктердің жүруіне ешқандай қауіп жоқ. Күні-түні жүргізілген тынымсыз жұмыстың арқасында қысқа мезгілде өткелдер толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Елді мекендерде электр энергиясы және табиғи газбен қамту жағдайы да тұрақты. Сонымен қатар Төлеби ауданының Қасқасу, Кенесарық, Қосағаш, Екпінді, Біркөлік, Киелітас, ...
Толығырақ »ҮЙЛЕР ЖАУЫН СУЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы қауіптің беті қайтып, үйлер жауын суынан тазартылды, деп жазады облыстық Өңірілік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Биылғы жылдың 13 мамыр күні Қазығұрт аудандық өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген ауыл округ тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен болатын. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері ...
Толығырақ »ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ АТСАЛЫСУДА
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су салдарын жоюға мемлекет, тұтас қоғам, ел атсалысып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізіліп, тұрғындардың үйлерін салу, өтемақыларын төлеу бағытында да жұмыстар басталып кетті. Міне, осы мәселелердің ашық түрде шешілуін, көмектің әділ жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында бұл жұмыстарға жергілікті қоғам белсенділері де тартылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдымен топан ...
Толығырақ »СУ ДЕҢГЕЙІ 7 САНТИМЕТРГЕ ТӨМЕНДЕДІ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында соңғы тәулікте су деугейі орта есеппен 7 сантиметрге төмендеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдауси, Өргебас және Достық елді мекендері аумағынан бүгінде 8767м3 су шығарылды. Үздіксіз су тартып шығару нәтижесінде елдімекендердегі автожолдар судан тазарды. Су деңгейі бойынша Жаңатұрмыс және Жеңіс ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫ ТҰТАС ТҮРЛЕНДІРЕТІН ТҰЛҒА
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы аяқталған нысандардың жұмысын тексеріп шықты. Бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы барлық демалыс орындарына сапалы газон төсеуді тапсырды. Сондай- ақ, сабақтардағы демалатын жайларды жеңіл де қолайлы конструкциядан орнатуды жүктеді, деп жазады. Құрылысы аяқталған департаменттер мен басқармалар үйінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан ғимараттармен біркелкі дизайнда жасалған ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ШИПАЖАЙДА
Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайында мақтааралдық балаларға «Біз-денсаулықты қолдаймыз» атты челлендж ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүлдіршіндерге түрлі төтенше жағдайлар орын алғанда немесе жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, балалармен ребус шешу арқылы ақпараттар берілді. Балалар өте жақсы жауап беріп, белсенділік танытуда. ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Қайырымдылық акциясы Келес пен Сайрам ауданында жалғасын тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Болат Қаныбековтің ұйымдастыруымен аудандық полиция қызметкерлері «Nur Otan» партиясының «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Ауыз ашар» челленджіне үн қосып, аудандағы 11 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік себетімен таратып, қамқорлық жасады. Ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Саттар Отыншиев пен ...
Толығырақ »ҚАЙТҚАН МАЛДЫҢ ҚАЙЫРЫ БАР
Түркістан облысы полицейлері жайылымнан сиыр жымқырып жүрген жас жігіттерді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша жайылымға шығарған 3 бас сиыры, кешкісін қайта келмеген. 1 күн бойы өздері іздеп таба алмаған соң, аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Аталмыш дерек Шардара АПБ-не тіркелді. Тұрғынға келтірілген шығын көлемі 700 000-ге жуық теңгені ...
Толығырақ »МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН АЗАМАТТЫ АНЫҚТАДЫ
Түлкібас ауданы полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Елімізде енгізілген карантинге байланысты күшейтілген кезекті жұмыс күнінің бірінде, Түлкібас АПБ-не ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қалмұрат Кендирбаевтан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша сағат кешкі 17:40-тар шамасында Жабағылы ауылында рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару барысында «Volkswagen» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 130 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы аясында Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Аудан әкімдіктері тарапынан жөндеуден өтіп жатқан аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекен көшелерін қоспағанда жалпы ұзындығы 70 шақырым республикалық, 59,4 шақырым облыстық маңызы бар жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Оның ішінде, Жетісай ауданында ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ: ӘСКЕРИ САРБАЗДАР ЕРЛІГІ
Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі. Оңтүстікке көмекке келген ұзынағаштық 28237 әскери бөлімінің жедел механизацияланған отряд сарбаздары 10 мамыр күні Жеңіс елдімекенінде газ құрылғысымен жабдықталған Мерседес автокөлігінен өрт шыққанын байқайды.Оқиға орнына жедел барған әскери қызметшілер автокөліктегі өртті сөндіріп, көлік иесіне көмектеседі. Шұғыл әрекеттің арқасында көлік иесіне зақым ...
Толығырақ »АЛҒАШҚЫ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ
Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан Түркістан облысының таулы аумақтарында орналасқан Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек аудандарын су шайды. Алдын ала деректер бойынша үш ауданда жалпы 522 үй ауласына су кіріп, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. Қазір су тасқыны зардабын жоюға 600-ден астам маман мен 84 техника 47 мотопомпа жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА БАРДЫ
2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағат шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде 2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені, Жігерген ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ТӨЛЕБИГЕ БАРДЫ
Қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты. Мақтааралда жүрген жастар бұл хабарды естіген бойда түнгі 04:00-де жедел алғашқы көмекті жеткізу мақсатында жолға шықты. Тұрақты жағдайды көрген жастар ...
Толығырақ »