Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » РАҚМЕТ САҒАН, ЖҮРЕКТІ АЗАМАТ!

РАҚМЕТ САҒАН, ЖҮРЕКТІ АЗАМАТ!

«Рақмет саған, жүректі азамат!» шын жүректен алғыс ретінде айтылған бұл сөзді Мақтаарал ауданындағы А.Фердауси мектебінің директоры Жанар Мамырова ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековке және полицейлерге арнап, өзінің парақшасына салды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Оның айтуынша 26.05.2020 жылы көлік айдап келе жатып, мазасы қаша бастайды. Содан діттеген жеріне жетіп алайын деп, басы айналып, көзі қарауытса да көлігін тоқтатқысы келмейді. Кенет «жол шетіне тоқтатыңыз» деп, қызметтік көлікпен соңынан келе жатқан полицейдің көлігінен шыққан дауыстан селт ете қалады.
Осылайша, не қателік жібердім деп ойлап болмай жатып, патрульдік полиция көлігінен жас полиция қызметкері шығып, жанына келе қалады. Тәртіп сақшысы «Көлігіңізді жай айдап келе жатырсыз, мазаңыз жоқ па? Қандай көмек қажет? Әлде жедел жәрдем шақыртайын ба!»-деп Жанардың жағдайын сұрай бастайды.
Полицейден мұндай жанашырлық күтпеген жүргізуші әйел, олардың қамқорлығына риза болғаны соншалық көз жасы тоқтамайды. Аты-жөнін сұрағанмен, полицейдің «Көмек беру – менің парызым» деген патриоттық сөзінен кейін, еріксіз тәртіп сақшыларына басын иеді.
Педагогика және мемлекеттік қызмет саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар Жанар Мамырова осы өмір жолында талай адамдармен араласып, талай жандарға көмек қолын созып жүрген ауданның белгілі азаматтарының бірі. Адам тани білетін ол, жас полицейдің жанарынан «елім үшін тағы не істесем екен деген құлшыныспен, өз жұмысына деген құштарлықты көрдім»-дейді өз сөзінде.
Сондықтан үйіне келіп, денсаулығы дұрысталып, болған жайтты ой-елегінен өткізген соң, әлгі полицейлерді тауып, аналық алғысын жеткізуге асығады. Оның айтуынша сол жерде осы азаматтардың қырағылығы болмағанда осылай парақшасында пост жазып отырмас еді. Жүректі азамат болу әркімнің қолынан келе бермейді деген Жанар Мамырова, қиналғанында көмекке келген қорғаушы полицейлерді тауып, өзінің, отбасының атынан шынайы ризашылығын білдірді. Ал, көпбалалы ананың алғысын алған полицейлер Келес АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жандос Азимбаев пен полиция лейтенанты Мейіржан Тастемир деген қызметкерлер болып шықты.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу