Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТТЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТТЫ

Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР-ның тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Одан бөлек, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында автобус пен облыс орталығы Түркістан қаласындағы аялдамаларда, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарда 200-ге жуық медициналық бетперделерді тегін тарату бойынша акция өткізді.
Сақшылар базар аумағын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық орындарда қорғаныс құралдарынсыз жүруге болмайтыны түсіндіріліп, бетперделерді тағып жүру қажеттігі, жеке гигиена және адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.
Ал, қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне көңіл бөлгендері және қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еткендері үшін алғыстарын білдірді.
Оған қоса, полицейлер тұрғындарға егер қатты қажеттілік туындамаса, үйлерінен шықпауды ескертеді. Осы шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатқанын атап өтуге болады.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу