Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 109)

Әлеумет

БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУҒА НИЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгриядан келген бір топ делегациямен кездесті. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Өңір басшысы қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму қарқынын баяндап, шетелдік инвесторларға көрсетілетін ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қостанай облысындағы Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор Әбдірахман Найзабековты қабылдады. Кездесуде тараптар еліміздегі білім беру жүйесі мен оған мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлық жайын сөз етіп, осы мәселер аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар туралы әңгімелесті. Әсіресе, облыс басшысы өңіріміздегі жастарды «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі өзі басқаратын оқу орнына шақыра келген қонақтың ұсынысын құп көріп, ...

Толығырақ »

6 АЙДА 139,1 МЛРД. ТЕҢГЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 371,5 млрд. теңгені құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 250,4 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ облыс шаруалары 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Облыс экономикасының дамуына серпін беретін жалпы ...

Толығырақ »

11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР САЛЫП ЖАТЫР

Оңтүстік Қазақстан облысында «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесі аталып өтті. Тамыз айының екінші жексенбісінде тойланатын осынау мейрамда аталған кәсіп иелерін құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл саланы дамыту бүгінде мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеті болып табылатынын жеткізді. «Құрылыс индустриясының өркендеуі, әлеуметтік маңызды нысандардың салынуы әлемдегі отыздыққа ұмтылған елімізде ерекше орын алады. Соңғы жылдары құрылыс нысандарын салуға арналған инвестициялар көлемі республикалық, ...

Толығырақ »

ТӨРТ ҚҰЖАТ ТҮЗІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысына Батыс Қазақстан облысынан бір топ делегация жұмыс сапарымен келді. Өңіраралық кооперацияның дамуын жолға қою мақсатымен келген жұмысшы топтың жетекшісі – Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке арнайы сапары үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алғысын білдіріп, Оңтүстіктің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен таныстырды. «Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты өңірлер арасында экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салаларда тығыз ынтымақтастық орната отырып, өзара тауар айналымын ...

Толығырақ »

ТАЗА АУЫЗ СУ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ

Таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында жаңа технологиямен қамтамасыз етілген «АQUA SEREBRO» табиғи бұлақ суы зауыты іске қосылды. Зауыттың жұмысына жалпы құны 250 млн қаржы жұмсалған. Жаңадан 26 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттың қуаттылығы сағатына 1000 дана 5 литрлік және 5000 дана 1 литрлік құтыдағы ауыз суы шығарылады. Зауытты «А-СПЕКТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жаңа цехтағы ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ САЛАДА ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын тың әрі ілкімді жобалардың әзірленуіне мән берген жөн. Бұл туралы Бәйдібек ауданына іс-сапармен барып, атқарылған жұмыстардың барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім ...

Толығырақ »

ІШКІ КӨЛІК ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін, Арғынбеков көшесі қиылысының жол айрығымен бірге реттеліп жатқан жолдың жалпы ...

Толығырақ »

ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып, 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар…)) индикаторын орындау мақсатында 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптардың оқушыларын барлық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен толығымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 4,4 млрд. теңге қаралды. Облыс бойынша ...

Толығырақ »

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУШЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Шілманов пен облыс әкімінің кеңесшісі – облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев өздері жетекшілік ететін салаларда атқарылған жұмыстардың 6 айлық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Кездесу барысында Айбек Ақбергенұлы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 956 бос ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша ...

Толығырақ »

«ЭКСПО»-ДАН ОРАЛДЫ

Таяуда ғана елордасы – Астанаға аттанған оңтүстікқазақстандық 150 ерікті «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, бүгін Оңтүстікке оралды. Жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйымдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор ...

Толығырақ »

АУЫЛЫН СҮЙМЕГЕН АЛАШЫН СҮЙЕ АЛМАЙДЫ

Қазақстан өзiнiң ширек ғасырлық тарихында ғасырларға бергiсiз даму жолынан өттi. Небәрi жиырма бес жылда халқының ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеген, бүкiл әлемге бейбiтшiл ел ретiнде танылған iргелi мемлекетке айналды. Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан — 2030» стратегиясын уақытынан бұрын орындап, ендi «Қазақстан — 2050» мақсаттарына қарай қадам басты. Ендiгi мақсатымыз айқын, ол – әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 30 мемлекеттiң қатарына қосылу. ...

Толығырақ »

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайымның Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымының дайындық барысы туралы берген баспасөз конференциясында айтылды. Мәліметке сәйкес, облыстағы 3209 бюджеттік мекемелердің алдағы жылу маусымына дайындығы 83 пайызды құраса, бұл 2677 мекеме деген сөз. Оларға бүгінге дейін 102 мың тонна қатты отын жеткізіліпті. «Бүгінге дейін ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚҚА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр.  Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек беріліп, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің 95,2 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Ж: Түймебаевтың төрағалығымен өткен ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи ...

Толығырақ »

116 НЫСАН БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 209 нысанның 116-ын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд. теңге бағытталған. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен селкторлық отырыста облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтпелі. Атап ...

Толығырақ »

ӘКІМДЕР ЖҰМЫСЫ СЫРТҚЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУМЕН БАҒАЛАНАДЫ

Өңірдің дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек. Ол үшін аудан әкімдері кәсіпкерлер мен инвесторларға барлық тиісті жағдайларды жасауға міндетті. Сондай-ақ жыл соңына дейін аяқталуы тиіс құрылыс нысандарындағы жұмыстарды жылдамдатып, сапалы әрі мерзімді аяқтауға қол жеткізу қажет. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық отырыста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Селекторлық отырыстың күн тәртібінде негізгі үш ...

Толығырақ »

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҒЫМЫЗ ҚУАНТТЫ

Таяуда Германияда бокстан халықаралық чемпионат өтеді. Осыған байланысты, Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінің базасында қыздар арасында жасөспірімдердің Қазақстан-Үндістан ұлттық құрама командасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Дайындық жұмыстарын көруге барған облыс әкімінің кеңесшісі, профессор Саттар Мәжитов үнді, ағылшын тілдерінде тілдесіп, спортшы қыздардың жағдайы туралы сұрап білді. Үндістандық спортшылармен болған шағын сұқбаттың нәтижесі – бүгінде боксшылардың жағдайы жан-жақты жасалуда. Оларға, тіпті, аталған спорт кешені ...

Толығырақ »

«СЕРПІНГЕ» ҮМІТКЕРЛЕР СЕГІЗ МЫҢҒА ЖЕТТІ

  Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына 404 мүшесі бар 103 отбасы қоныс аударған. Өңірден көшіп барған азаматтардың жермен қамтылып, ауылшаруашылық жұмыстармен айналысуына және жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етілуінде ешқандай кедергілер жоқ. Сондай-ақ облысымызда «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында тегін оқу гранттарына үміткерлердің саны 8 мыңға жетіп отыр.  Бұл туралы Ақмола облысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДІК ТƏЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы үшін сәулетті құрылыс пен инфрақұрылымдық жарақтандырылуы әлемдегі өркениетті қалаларға тән дамуы тиіс. Бұл ретте қалаға кіреберіс қақпалар мен жолайрықтарды, айналма және ішкі орам жолдардың сапалы жасалуына аса мән берген жөн.  Сондай-ақ құрылыстың басталуын тым ұзартып жіберетін жобалау-сметалық құжаттамалар заманауи үлгіде әзірленуі керек. Бүгін бұл туралы Шымкент қаласындағы  құрылыс нысандарының барысы талқыланған жиында Оңтүстік Қазақстан ...

Толығырақ »

БАЗАР ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы ретсіз сауда мен базарларды жойып, заман талабына сай сауда орындары мен алып дүкендердің құрылысын қолға алуымыз керек.  Осыған сәйкес қаланың бас жоспары бойынша ірі базарлардың бәрі қала сыртында орналасатын болады. Бүгін бұл туралы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Өңір басшысы күтпеген жерден Рысқұлов пен Дулати көшелерінің қиылысында орналасқан «Қазыбек» ...

Толығырақ »

БАСПАНА КЕЗЕГІН АЗАЙТУ КЕРЕК

Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын  жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс.  Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Аймақ басшысы ең алдымен Бозарық шағын ауданындағы 900 ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына аудан әкімі А.Мамытбеков, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі С.Тұрсынбекова, ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Аталған шара биылғы оқу жылында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өтеді. Осы жылдың тамыз және қыркүйек айларында ұйымдастырылатын шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек ...

Толығырақ »