Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 47)

Шымкент

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚҚА КЕШЕНДІ ЖАБДЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Ұлт саулығы ұрпақ саулығынан бастау алатыны сөзсіз. Ұрпақ саулығының сапасын арттыру мақсатында еліміздегі перинаталдық орталықтарды гипотермия аппаратымен жабдықтау жалғасып жатыр. Бүгін Шымкент қалалық перинаталдық орталығына нәрестелердің шетінеуін азайтып, мүгедектігінің алдын алуға арналған заманауи медицина жабдығы салтанатты түрде тапсырылды. — 2017 жылы «Ayala» қоры мен Денсаулық сақтау министрлігі «Басқарылатын гипотермия» жобасын қолдау туралы меморандумға қол қойды. Бүгінге дейін Қазақстанның 12 қаласында ...

Толығырақ »

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу»: Шымкентте оқушылармен кездесу өтті

Шымкентік полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерінде «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жасұлан Әбдуали Саз ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Шымкентте Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумы өтті. Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырған форум тақырыбына Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы арқау болды. Модератор М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы Әзімхан Исабек сөз сөйлеп, форум қатысушыларына сәттілік тіледі. Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі әрі ажырамас бөлігі. Тәуелсіздік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие ...

Толығырақ »

Шымкентте жол белгілері орнатылып жатыр

Шымкент қаласында жол белгілері орнатылуда, деп хабарлайды  didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) ...

Толығырақ »

Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады. Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған. Бұдан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ – ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАСЫ

Шымкент қаласында бүгінде оннан аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, «ASАA» жастар қоғамдық бірлестігі, «Ізгілікте жарысайық», «Харекет» қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық порталы, «Жігер» салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, «Жасыл ел» еңбек жасақтары және тағы басқа волонтерлік ұйымдар қоғам өміріне белсене араласуда. Барлық ұйымда дарынды жастар шоғыры қалыптасқан. Қалалық жастар ресурстық орталығы өкілдерінің мәліметінше, ...

Толығырақ »

Шымкентте есірткіге қарсы науқан өтті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, «Арбат» демалыс аймағында нашақорлыққа және есірткіге қарсы науқан өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шараға қаламыздың еріктілер тобы мен жанашыр тұрғындар жұмылдырылды. Акцияның мақсаты ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ТУДЫ ҚАСТЕРЕГЕН ШЫМКЕНТТІК ЖІГІТТЕРГЕ АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ

Президент былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғанын еске салып, сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шыққанын ерекше атап өтті. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі ету керегін айтқан Мемлекет басшысы Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға Алғысын жариялады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар ...

Толығырақ »

Президент Үкіметке Шымкентте Опера және балет театрын салуды тапсырды

Президент Үкіметке Шымкентте Опера және балет театрын салуды тапсырды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мәдениет саласы мемлекеттің басты назарында екенін айтты. – Қазір қалада ауқымды іс-шаралар өткізетін мәдениет ошағы тапшы. Менің тапсырмам бойынша 2 мың орындық Конгресс холлдың құрылысы басталды. Бұл нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Қалада Опера және балет театры бар. Алайда, ...

Толығырақ »

​Тоқаев Шымкенттің бас жоспарын қайта қарауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің бас жоспарын келесі жылдың ортасына дейін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сай болуы қажеттігін атап өтіп, мұнда әлемдегі ірі мегаполистерде болатын мәселелер түгел ескерілуге тиіс екенін айтты. – Орталық Азиядағы ең ірі нарықтың бірі – Ташкент агломерациясы іргемізде тұр. Сондықтан Шымкент барлық салада бәсекеге ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті. – Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ...

Толығырақ »

КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ШЫМКЕНТ ДОЛЖЕН БЫТЬ КОНКУРЕНТОСПОСОБНЫМ ВО ВСЕХ ОТНОШЕНИЯХ»

Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что генеральный план города должен соответствовать его экономическому потенциалу, при этом необходимо учесть проблемы, с которыми сталкиваются крупнейшие мегаполисы мира. «В непосредственной близости находится один из крупнейших рынков Центральной Азии — Ташкентская агломерация. Поэтому Шымкент должен быть конкурентоспособным во всех отношениях. С учетом этого, поручаю до середины следующего года пересмотреть генеральный план города», — сказал Президент. В ...

Толығырақ »

КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ ВСТРЕЧУ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ ШЫМКЕНТА

В своем выступлении на встрече с общественностью города Президент отметил, что Шымкент всегда отличался особой теплотой и с точки зрения природных условий, и с точки зрения душевной щедрости его жителей. «Шымкент занимает особое место в духовной жизни нашего народа. Этот город является благодатной колыбелью национальных традиций. Он олицетворяет лучшие черты казахского характера. Здесь соединены в единое целое лучшие проявления культуры ...

Толығырақ »

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ШЫМКЕНТКЕ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек және М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының әртісі, Қазақстан Республикасы «Серпер» жастар одағы сыйлығының иегері Алмас Шаяхметовтің қатысуымен М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Шымкент қаласына арнайы гастрольдік іс-сапармен келуіне байланысты өткен брифингте ...

Толығырақ »

«Халықаралық туризм күні»: Шымкентте ақпараттық тур өтуде

Шымкент қаласында ақпараттық тур өтуде. Осыған байланысты Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. рлан Ермекұлы БАҚ өкілдеріне Халықаралық туризм күніне орай өтіп жатқан ақпараттық тур жайлы айтып, жергілікті туристік бизнес өкілдерін айтулы күнмен құттықтап өтті. “Бүгін — Халықаралық туризм күні. Сол себепті, ақпараттық турымызды да осы күнге жоспарладық. ...

Толығырақ »

​Шымкентте зиянды организмдерге қарсы 26 690 га алқапқа бақылау жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев өсімдіктер карантині мен өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Инспекция бойынша жыл басынан жеке және заңды тұлғалармен экспортқа карантинге жатқызылған 150791 тонна өнім шығарылды. Сондай-ақ, қала аумағына келген өнімдерге екінші карантиндік, ...

Толығырақ »

Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты салынып жатыр

Биыл Шымкент қаласында 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Солардың бірі – Бозарық-3 шағынауданында бой көтеріп келе жатқан Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің қосымша ғимараты. Жобаға сәйкес бұл нысанда бір ауысымда 10 мен 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы, ...

Толығырақ »

«Ассалаумағалейкум-VI»: Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жүлдемен оралды

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры халықаралық «Ассалаумағалейкум-VI» қуыршақ театрларының фестиваліне қатысып, жүлдемен оралды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған байқау Ақтөбе облысының әкімдігінің қолдауымен және облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры байқауға М.Малдыбаеваның режиссерлігімен сахналанған «Асыл шөп» қойылымымен бақ сынаған. Көрермен көзайымына айналған «Асыл шөп» спектаклі «Балаларға арналған үздік қойылым» номинациясын иемденсе, театр ...

Толығырақ »

«Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті

Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оған орта арнаулы оқу орындарының командалары қатысты. Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау. Жастар ресурстық орталғының басшысы Мағжан Исахов «Фан ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының жедел-жәрдем станциясы елімізде үздік атанды

Шымкенттік жедел-жәрдем станциясы республикалық спартакиадада үздік атанды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Медициналық ұйым өкілдері жедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық спартакиадасында біліктіліктерін дәлелдеп, бірінші орынға ие болды. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасы екі күнге созылды. Оған барлық өңірден 18 команда қатысып, ...

Толығырақ »

Шымкентте бюджет есебінен 60-қа жуық көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен көпқабатты 51 тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның 31-і кредиттік, 20-сы арендалық үйлер. Қалалық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметі бойынша, осы үйлердің жалпы ауданы 239 300 шаршы метрді құрайды. Онда 2 972 пәтер бар. Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданы мен әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 7 арендалық үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕРДІҢ НАЗАРЫ – ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ

Шымкент – туристік әлеуеті жоғары қала. Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыровтың айтуынша, биылғы 6 айда Шымкентке 216 249 турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 пайызға жоғары. Оның ішінде 200 549 адам ішкі турист болса, 15 700 адам – шет ел азаматтары. Ал 9 айда өңірге 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр. ...

Толығырақ »

БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНА – 30 ЖЫЛ

Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» тақырыбы аясында өрбіген басқосу Достық үйінде ұйымдастырылды. Жиынға ҚХА Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ұлтаралық келісім және шет ел мемлекеттерімен достық байланыстары комитеті төрағасының орынбасары Азамат ...

Толығырақ »

«SHYMKENT TOWER» САУДА-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Бұл жобаның негізгі инвесторы “САУТС-Ойл” компаниясы, ал құрылысын салушы бас мердігер «Koç Construction». “Алдағы 5 жыл ішінде қалаға 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойдық. Ал бүгін Шымкент қаласы үшін бірегей жоба бастау алады. Бастамаға сәттілік тілеймін. Жалпы қазіргі ...

Толығырақ »

ДЛЯ РАЗЪЯСНЕНИЯ ПОЛОЖЕНИЙ ПОСЛАНИЯ В РЕГИОНЫ БУДУ ВЫЕЗЖАТЬ СПЕЦИАЛЬНЫЕ МОБИЛЬНЫЕ ГРУППЫ

Для разъяснения основных направлений Послания Главы государства «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» в социально-трудовой сфере и норм проекта Социального кодекса РК, Министерством труда и социальной защиты населения сформированы специальные мобильные группы, которые в период с 19 сентября по 15 ноября текущего года будут выезжать в регионы Казахстана. В состав этих мобильных групп вошли вице-министры труда и социальной защиты населения, ...

Толығырақ »