Облыс орталығында жазғы ашық алаң ойындары өтуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүрлі ұйымдастырылатын сайысқа 6 жастан 18 жасқа дейінгі сектор тұрғындары қатысуда. Олар: дойбы, секіргішпен секіру, асық ату мен тоғызқұмалақ, шахмат және ләңгі тебуден бақтарын сынауда.
Жыл сайын өтетін жарыстың мақсаты тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, бұқаралық спортты дамыту көзделген.
Бүгін ойынның кезекті күнінде 700 тұрғын жарысты. 1м/а №30 тұрғын үй ашық алаңында өткен сайыста қатысушылар қызықты ойын көрсетіп, жеңімпаздарға қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтары табысталды.
Айта кетейік, жазғы ашық алаң ойындары маусым айының соңына дейін жалғасады. Жарысқа қатысушы үшін арнайы белгіленген орындарға барып тіркелуге болады.
© Didarbek.kz