Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

Шымкент қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Сүйеубеков Нұрдаулет Пернебекұлының төрағалығымен Тұран ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 14 человек и текст
Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді.
Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст
Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске енгізілген «зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар», — деген жаңа ұғым, жаңа баптар 108-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 109-1 (ұрып-соғу), 121-1 (он алты жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы қорлау), 313-1 (суицидті насихаттау), сондай-ақ олар бойынша тергеуді анықтау және басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу