Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Абай ауданының әкімі Бухарбай Парманов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека, помост, отдел новостей и текст
Жалпы Абай ауданы аумағында 27 елді мекен бар. Бүгінгі таңда ауыз сумен — 100%, электр жарығымен — 100% қамтылған. Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған, ол 85,2% құрайды. Сондай-ақ, 7 елді мекен кәріз жүйесімен қамтылған. 2025 жылы 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі.
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся, телевизор и отдел новостей
Аудан аумағындағы көшелер саны – 1274. Ағымдағы жылы 74 көшеге 60,1 шақырым асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2023 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, тұрғындардың өз есебінен жарық шамдар орнатып, 17 көше жарық жүйесіне қосылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім берілді.
Халық қатысатын бюджет бойынша 2024 жылы 22 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасы. Сонымен қатар, Жиделі шағын ауданына 1 гүлзар салу жоспарланды.
Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст «VITTImG РЕгионАльная СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ ΘΗΙΡЛΙΚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ετι ЛЬНАЯ БА КАЦИЙ REGIONAL COMMUNICAT SERVI регионАльнАя СЛУЖБА КОММУНИКАЦИИ IAP IAP»
Абай ауданы бойынша «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясында Асар ш/а, Шымсити ш/а, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар т.а, Игілік т.а, Көкбұлақ т.а, Алтынтөбе т.а және Бәйдібек би даңғылы мен А-2 тас жолы, Қошқар ата өзені, жалғызлікті қариялардың үй аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың соңына дейінгі атқарылатын жоспарлар әзірленді. Аталған жоспарларға сәйкес бюджеттік өтінімдер берілді.
Возможно, это изображение 2 человека и люди учатся
Сонымен қатар, аудан аумағына жыл ішінде 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнату, 9 нысанға ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары атқарылатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу