Aудан әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, инфрақұрылымға қатысты сұрақтар болды.
Бухарбай Парманов тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, жауапты бөлім басшыларына азаматтардың өтініш-талаптарын жан-жақты шешімін табуын тапсырды.
© Didarbek.kz