Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық полиция басқармасының инспекторларымен бірлесе аудандағы заңсыз құрылыс материалдарын сататын орындарға, заңсыз орналасқан дүңгіршектер мен ретсіз сауда орындарына аралау жұмыстарын жүргізіп, меншік иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде, заң талаптарын бұзып, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған азаматтарға ӘҚБтК — 204 бабына сәйкес хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Құрметті қала тұрғындары !
Сіздерден қаламыздың тазалығын сақтай отырып, сауда-саттықпен рұқсат етілген жерлерде айналысуға шақырамыз.
© Didarbek.kz