Үкімет тарапынан берілетін 100 мың теңгелік өтемақыға байланысты Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінің 6314 азаматынан құжаттар қабылданды. Оның 6020-сы көші-қон полициясының ақпаратымен расталып, қаржы аудару үшін бекітуге ұсынылған. Бұл туралы бүгін топан судан зардап шеккен халықпен арнайы кездескен Түркістан облыстық Қазақстан халықтары Ассамблясыхатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, РӘМІЗДЕРІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ БОЛСЫН!
Бүгін-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі! Ел тарихында елеулі орын алатын айтулы мереке баршаңызға құтты болсын! Қазақ елін әлемге айшықтайтын Тәуелсіз еліміздің рәміздері тұғырлы hәм ғұмырлы болсын! Рәмізіміз-қазақ елінің айбыны, ел тарихының бет-бейнесі іспетті. Ел Тәуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі – көк байрағы, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі – Әнұран, төртіншісі – ...
Толығырақ »«МЕНІҢ ТУЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылы 4 маусымдағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтуде. Осыған орай, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Менің туым» акциясы болып өтті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық санасын ...
Толығырақ »КӨПШІЛІК НАМАЗДАР ОҚЫЛА БАСТАДЫ
Түркістан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 748 мешіт болса, бүгінде оның облыс және аудан орталықтарындағы 632-інде жұма намаздары оқыла бастайды. Ал өзге бес уақыт намаздар барлық мешіттерде орындалады. Әрине, еліміздің бас санитар-дәрігерінің қаулысы бойынша, жамағат арақашықтықты сақтай отырып, мешіттің іші 30%-ға ғана толтырылады. Ал қалған адамдар мешіт сыртында құлшылық жасайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммункациялар қызметінде Түркістан облысының бас ...
Толығырақ »КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Мақтаарал ауданы Жаңажол ауыл округіне қарастыФердауси, Өргебас,Жеңіс ауылдарында топан судан зардап шеккен үйлерді бұзу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Жеңіс елдімекеніне жауапты боп бекітілген Шардара ауданы әкімдігі зақымдалған 66 тұрғын үйді бұзу жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмыстарға Шардара ауданынан күнделікті 30 адам мен 11 арнайы техника тартылған, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Аталған жұмыстарға Шардара ауданынан күнделікті 30 адам тартылып ...
Толығырақ »ТУЫМЫЗДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!
Құрметті түркістандықтар! Елдігіміз бен еркіндігіміздің нышаны — Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Тәуелсіз ел болуға деген ұмтылысының арқасында біздің ата-бабаларымыз сан қилы жолдардан өтіп, аңсаған азаттықтың таңына жетуімізге себепкер болды. Әлемдік саясат сахнасында дербес ел екенімізді білдіріп, елдің әрбір азаматының бойына ұлттық рух пен мұқалмас жігер сыйлайтын Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 28 жыл толды. Осы жылдар арасында біз толыққанды даму ...
Толығырақ »ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту еткен болатын. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі туризм ордасы, киелі Түркістан жеріне сәулет өнерінің үздігіне айналар «Ұлы дала елі» рухани орталығын ...
Толығырақ »АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қала аумағында ағаштар отырғызылып, абаттандырылуда. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылған. Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі ...
Толығырақ »АТА-АНАЛАРДАН САУАЛНАМА АЛЫНДЫ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен облысқа қарасты білім беру ошақтарының оқушылары мен студенттерінің ата-аналары арасында екі апта мерзім ішінде «Білім саласы – ата-ананың көзімен» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді. Жүргізілген сауалнаманың негізгі мақсаты — киелі өңірдің білім беру ошақтарында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оның орын ...
Толығырақ »ЕКІ БАЛАНЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері 11 және 14 жастағы екі баланы ажалдан аман алып қалды. Оқиға 3 маусым күні түскі уақыт кезінде орын алған. ТЖД-не балалардың суға шомылып жүріп, қиын жағдайға тап болғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Шақырту түсісімен облыстық ТЖД Отырар аудандық бөлімінің маманы, азаматтық қорғау капитаны Мейрамхан Кемелханов оқиға орнына жедел жетіп, 2 баланы тілсіз ...
Толығырақ »ЕҢ ҚҰНДЫ АҒАШ ТҮРЛЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Түбі бір түркі жұрты үшін жұмыр жер бетінде қастерлі мекендегі әлемнің сегізінші кереметі атанған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — ортағасырлық сәулет өнерінің шыңы. Тұтас ұлттың бірегей болмысын айқындап берген Түркістан төріндегі теңдесіз тарихи жәдігердің айналасы абаттандырып, жасыл желекке орануда. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев кесене аумағына ең құнды ағаш түрлерін отырғызуды тапсырды. Мұндағы барлық жұмыстар арнайы мамандардың жіті бақылауында. Осыдан тура ...
Толығырақ »ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық сотында тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оның тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасын қолдану мәселелерін талдау және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын іздестіру мақсатында «Сотқа дейінгі және соттағы еңбек дауларына қатысты татуластыру институтын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кәсіподақ өкілдері атынан «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы ...
Толығырақ »БІЗДІҢ МІНДЕТ — ҚОҒАМНЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
2020 жылдың 25 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі» туралы Заңға қол қойған болатын. Қабылданған Жаңа Заң ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жеке құрамға толық түсіндіріп өтті. Жиында сөз алған департамент бастығы Қайрат Дәлбеков бұл тұрғыда полицейлердің басты міндеті қоғамдық ...
Толығырақ »«BUS LANE» ЖОЛАҒЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
«Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды. Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы ...
Толығырақ »СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін Түркістандағы білім ошақтарында «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды. ⠀ Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов №19 жалпы орта мектебіне барып, түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, үлкен өмірге қадам басудағы қадамдарына ақ жол тіледі. ⠀ Биылғы мектеп бітіру күні еліміздегі жағдайға байланысты ерекше өтуде. Атап айтсақ, сақтық шаралары, яғни кіре берісте температураны өлшеп, қатысушы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға ...
Толығырақ »АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
«Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасын жүзеге асыруда облыста Сарыағаш, Түлкібас, Жетісай, Отырар, Келес аудандары көш бастап тұр. Бәйдібек, Төлеби мен Шардара аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар әлі де ақсап тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен мәжілісте ...
Толығырақ »КӨРШІ ОБЛЫСТАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының аумағында «Азық-түлік белдеуін қалыпастыру аясында іске асып жатқан жобалармен» танысты. Жаңбырлатып суару әдісін ендіруге бел буған «Ынтымақ агро XXI» ЖШС-і 782 га жерге бидай мен жүгері егуді қолға алған. Аймақ басшысы жас мамандарды жұмысқа тартып, жаңа жобаны жүзеге асырып жатқандардың беталысына оң баға берді. «Түркістанның айналасына каналдар қазылып, су келді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген ...
Толығырақ »ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУЫ
Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың ...
Толығырақ »ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде күндері аралығында өткізіледі. Алайда, Түркістан қаласы түлектерінің қай күні өтетіні жуық арада белгілі болады. Дегенмен, дайындық жұмыстары күнделікті пысықталып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, ҰБТ әдеттегідей Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың тест орталығында өтеді. ҰБТ өткізу пунктінде: 14 аудитория (2-3 қабатта), 27 ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш, 2 рамалы метал іздегіш, 2 қолға ұсталатын ...
Толығырақ »ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде біршама шектеулер жеңілдетіліп, әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Мәселен, биыл лагерьлерге оқушыларды қабылдау 15-30 маусым аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жаз мезгілінде қала сыртында 23 сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарланған. Оның ішінде 8-і ...
Толығырақ »КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ
Бүгін Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің қатысуымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынды Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық басқарма басшылары, Жетісай, Шардара, Сарығаш, Келес ауданы ...
Толығырақ »БІРҚАТАР НЫСАНДАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Түркістан облысында 1 маусымнан бастап өңірдегі барлық блок-бекеттер алынып, қала және ауыларалық көлік қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ, карантиндік режимді сақтай отырып, қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарының (50 орынға дейін) ашық жазғы алаңдарында сағат 10.00-ден 22.00-дейін адамдарды ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын алалап, құрылысшылармен кездесті. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда. Олардың сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. Өмірзақ Естайұлы құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды. «Жұмыс көлемі ...
Толығырақ »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ
Түркістан облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейі өткізілуде. Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру. Өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен өңірлік конкурстық комиссиясы құрылды. Өңірлік конкурстық комиссия құрамы келесі тұлғалардан ...
Толығырақ »КӨПБАЛАЛЫ ПОЛИЦЕЙДІҢ БАЛАЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары көпбалалы полицейдің балаларын мерекемен құттықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Мақтаарал аудандық полицейлері өздерінің қызметтес жолдастары Құрманғазы Тузеловтың шаңырағына арнайы барды. Негізінде, Мақтаарал АПБ-нің криминалисі Тузелов Құрманғазы Сұңқарбекұлы көпбалалы әке, оның отбасында 4 ұл, 3 қыз өсіп келеді. Сондықтан Мақтааралдық тәртіп сақшылары, балалар мерекесінде осы ...
Толығырақ »